1
Білім беру саласы
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7M071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M100 Автоматтандыру және басқару
Берілетін дәреже
7M07110 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Бағдарлама мақсаты
Автоматтандыру және басқару саласында заманауи автоматтандырылған кешендерді енгізуге және қызмет көрсетуге қабілетті, өзін-өзі дамытуға және кәсіби жетілдіруге дайын, сондай-ақ кәсіби салада ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, стандартты ғылыми міндеттерді шешуге және ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
7M07110 «Автоматтандыру және басқару» магистрлік білім беру бағдарламасының бірегейлігі заманауи цифрлық, зияткерлік және инженерлік технологияларды интеграциялауында болып табылады және өнеркәсіп пен ғылым үшін ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды даярлауға бағытталған.
Бағдарламада жасанды интеллект, зияткерлік басқару жүйелері, үлкен деректер, кибер-физикалық жүйелер және өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша пәндер қамтылған. Бұл магистранттардың өзекті цифрлық және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастырады. Бағдарламаның маңызды артықшылығы — MES- және RPA-жүйелерін, өнеркәсіптік бағдарламалау тілдерін және модельдеу құралдарын меңгеру.
Бағдарламаның қолданбалы бағыты оқу үдерісін, ғылыми зерттеулерді және инженерлік практиканы интеграциялау, өнеркәсіп кәсіпорындары мен шетелдік сарапшылардың қатысуы, сондай-ақ жетекші ғылыми дерекқорларға қолжетімділік арқылы қамтамасыз етіледі.
Кәсіби қызмет саласы
Түлектердің кәсіби қызмет саласы автоматтандыру, ақпараттандыру және технологиялық процестерді басқару саласын қамтиды және өндірістің барлық салаларында басқаруды жүзеге асыру үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолданумен байланысты.
Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып әртүрлі өндірістердің технологиялық процестерін автоматтандырылған басқару жүйелері; әртүрлі мақсаттағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері; жүйелерді, объектілер мен құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйелері; өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйелері; бөлшектерді, бұйымдарды, тораптар мен құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйелері; жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу және конструкторлық ұйымдар табылады.
7M07110 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы магистрінің кәсіби қызметінің пәндері автоматтандырылған өндірістік жүйелерді әзірлеу, құру және пайдалану, сондай-ақ технологиялық процестерді, техникалық жүйелерді және жоғары технологиялық зерттеу объектілерін талдау, болжау және басқару әдістері болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
7M07110 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрлері өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жоғары және орта буынның жетекші лауазымдарын, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, зауыттық зертханаларда қызмет атқара алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес орта кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті жүзеге асыра алады.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Кәсіби стандарт: «Стандарттау»
-
Кәсіби стандарт: «Электрониканы техникалық сүйемелдеу»
-
Кәсіби стандарт: «Педагог»
-
Кәсіби стандарт: «Бизнес-талдау және IT жобаларды басқару»
-
Кәсіби стандарт: «Компьютерлік жүйелердің инфрақұрылымы»
-
Кәсіби стандарт: «Жасанды интеллект қосымшаларын әзірлеу»
-
Кәсіби стандарт: «Инновациялық өнімдер мен қызметтерді техникалық жобалау»
-
Кәсіби стандарт: «Ғылым мен новаторлар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру»