1
Білім беру саласы
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7М071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
М100 Автоматтандыру және басқару
Берілетін дәреже
7М07111 - Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі
Бағдарлама мақсаты
Автоматтандыру және басқару саласында заманауи автоматтандырылған кешендерді енгізуге және қызмет көрсетуге қабілетті, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге дайын; стан-дартты кәсіби міндеттерді шешумен, кәсіптік салада жобалар мен зерттеулерді орындаумен айналысуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
7М07111 – АиУ ББ инженерлік білімді, цифрлық технологияларды және тәжірибеге бағдарланған оқытуды интеграциялау негізінде өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін заманауи автоматтандырылған және ақпараттық-басқару жүйелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті магистрлерді даярлауды қамтамасыз етеді
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы өндірістің барлық салаларында басқару үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолдануға байланысты технологиялық процестерде автоматтанды-ру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады:
- Бақылау шебері (учаске, цех);
- Орталық зауыт зертханасының бастығы;
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру бөлімінің бастығы;
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (бөлімше немесе ақпараттық технологиялар орталығы);
-Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика инженері;
-Электроника инженері (электроника);
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі Инженер (Ақпараттық технологиялар бөлімшесі немесе орталығы);
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі Инженер.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Кәсіби стандарт: «Электрониканы техникалық сүйемелдеу»
-
Кәсіптік стандарт: «Бизнес аналитика және АТ жобаларын басқару»
-
Кәсіби стандарт: «Компьютерлік жүйелердің инфрақұрылымы»
-
Кәсіби стандарт: «Инновациялық өнімді/қызметтерді техникалық жобалау»
-
Кәсіби стандарт: «Ғылым мен инноваторлардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру»