7M07113 Электрэнергетикасы (бейіндік бағыт)

1
Білім беру саласы
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7М071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
М099 - Энергетика және электр техникасы
Берілетін дәреже
7M07113 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі

Бағдарлама мақсаты

Қазіргі заманғы энергетикалық кешендерді енгізуге және қызмет көрсетуге қабілетті және өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге қабілетті электр энергетикасы жүйелері саласындағы мамандардың жаңа буынын даярлау.

Бағдарламаның бірегейлігі

7M07113 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы электроэнергетикалық жүйелерді жобалау, басқару және жаңғырту саласында терең цифрлық, бағдарламалық және зияткерлік құзыреттері бар, практикалық бағытталған магистрлерді даярлауды қамтамасыз етеді. Бағдарлама жасанды интеллект технологияларын, цифрлық модельдеуді, энергия тиімділігін және қолданбалы инжинирингті біріктіріп, түлектердің энергетика саласындағы кәсіби дайындық деңгейін арттырады.

Кәсіби қызмет саласы

7М07113 - Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының магистрлері кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алады: өндірістік-технологиялық; сервистік-пайдалану; ұйымдастыру-басқару; жобалық-конструкторлық; ғылыми-зерттеу; педагогикалық.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады: өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың жоғары және орта буындағы жетекші лауазымдары; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында; зауыттық зертханаларда; орта кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет.

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Заманауи бағдарламалық орталар
  • Өнеркәсіптік бағдарламалау тілдері
  • Желілік технологиялар
  • Электромеханикалық жүйелерді модельдеу
  • Электр энергетикасындағы математикалық және имитациялық модельдеу
  • Энергия тұтыну режимдерін оңтайландыру
  • Энергетикалық аудит және энергоменеджмент
  • Бұлдыр жүйелер және нейрондық желілер
  • Жасанды интеллект
  • Электроэнергетикалық жүйелерді жобалау
  • Электр энергетикасындағы зияткерлік басқару жүйелері
  • Электр станциялары және электроэнергетикалық жүйелер
  • Энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйелері
  • Энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері
  • Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергетика
  • Энергетикалық жүйелерді әзірлеудің заманауи әдістері мен құралдары
  • Жобаларды басқару

Оқытушылар

Пән Оқытушы
1 Энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері, Электромеханикалық жүйелерді модельдеу Кунтуш Е.В., PhD, аға оқытушы
2 Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергетика, Энергия ресурстарын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері Баясилова З.А., PhD, аға оқытушы
3 Электр энергетикасындағы зияткерлік басқару жүйелері, Энергия тұтыну режимдерін оңтайландыру, Электроэнергетикалық жүйелерді жобалау Дружинин В.М., PhD, аға оқытушы

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU