1
Білім беру саласы
7M071 Инженерия және инженерлік іс
2
Даярлау бағыты
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M099 – Энергетика және электротехника
Берілетін дәреже
Магистр техникалық ғылымдар 7M07112 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша.
Бағдарлама мақсаты
Заманауи энергетикалық кешендерді енгізуге және пайдалануға қабілетті, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға және кәсіби тұрғыдан жетілдіруге дайын электроэнергетикалық жүйелер саласындағы жаңа буын мамандарын даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
7M07112 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу, инженерлік және педагогикалық қызметті ұштастыратын магистрлерді даярлауды қамтамасыз етеді. Бағдарлама электроэнергетикалық жүйелерді жобалау және басқару саласында терең цифрлық және зияткерлік құзыреттерді қалыптастырып, түлектердің ЖОО-ларда, ғылыми орталықтарда және инновациялық энергетика саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Кәсіби қызмет саласы
7М07113 - Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының магистрлері кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алады: өндірістік-технологиялық; сервистік-пайдалану; ұйымдастыру-басқару; жобалық-конструкторлық; ғылыми-зерттеу; педагогикалық.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады:
өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың жоғары және орта буындағы жетекші лауазымдары; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында; зауыттық зертханаларда; орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет.