1
Білім беру саласы
7M071 Инженерия және инженерлік іс
2
Даярлау бағыты
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M099 – Энергетика және электротехника
Берілетін дәреже
7M07112 «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Бағдарлама мақсаты
Заманауи энергетикалық кешендерді енгізуге және пайдалануға қабілетті, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға және кәсіби тұрғыдан жетілдіруге дайын электроэнергетикалық жүйелер саласындағы жаңа буын мамандарын даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
7M07112 «Электр энергетикасы» (ғылыми-педагогикалық магистратура) білім беру бағдарламасының өңірлік және Қазақстан Республикасы деңгейіндегі ұқсас бағдарламалармен салыстырғандағы бірегейлігі мен артықшылықтары төмендегідей:
1) Электр энергетикасы магистрлерін даярлаудың ғылыми-педагогикалық бағыттылығында
Бағдарлама инженерлік, ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметті үйлестіре алатын магистрлерді даярлауға бағытталған. Таза қолданбалы бағдарламалардан айырмашылығы — ОП жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы және инновациялық білім беру технологиялары саласындағы құзыреттерді қалыптастырады, бұл түлектердің жоғары оқу орындарында және ғылыми-білім беру орталықтарында жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз етеді.
2) Электроэнергетикадағы терең цифрлық және бағдарламалық-модельдік даярлықта
Бағдарламаның ерекшелігі — энергетикадағы цифрлық модельдеу мен бағдарламалық инженерияның күшейтілген блогы. Магистранттар заманауи бағдарламалық орталарды, өнеркәсіптік бағдарламалау тілдерін, желілік технологияларды, математикалық және имитациялық модельдеуді, электромеханикалық жүйелерді модельдеуді меңгереді.
Бұл электроэнергетикалық жүйелерді цифрлық талдау және жобалаудың заманауи құралдарын меңгерген мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
3) Электроэнергетикалық жүйелерге интеллектуалдық және жасанды интеллект технологияларын интеграциялауда
Бағдарлама интеллектуалдық басқару және талдау әдістері бойынша пәндерді жүйелі түрде қамтиды: жасанды интеллект, бұлдыр (нечеткие) жүйелер мен нейрондық желілер, электроэнергетикадағы интеллектуалдық басқару жүйелері, энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйелері.
Түлектер энергожүйелердің жұмыс режимдерін басқару, диагностика және оңтайландыру міндеттерінде интеллектуалдық алгоритмдерді әзірлеу және қолдану құзыреттерін алады.
4) Ғылыми-зерттеу даярлығын инженерлік жобалаумен ұштастыруында
ОП ғылыми-зерттеу әдістері мен жобалау-конструкторлық даярлықты біріктіреді. Оқу жоспарына экспериментті жоспарлау және нәтижелерін өңдеу, сыни ойлау және ғылыми дәлелдеу, энергия тұтыну режимдерін оңтайландыру, электроэнергетикалық жүйелерді жобалау пәндері енгізілген.
Бұл магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, инженерлік шешімдерді әзірлеуге және негіздеуге, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар дайындауға дайындығын қамтамасыз етеді.
5) Инновацияға, өнертапқыштық және жобалық қызметке бағдарлануында
Бағдарлама инженерлік шығармашылық пен инновациялық жобалаудың құралдарын қамтиды: өнертапқыштық міндеттерді шешу теориясы (ТРИЗ), энергетикалық жүйелерді әзірлеудің заманауи әдістері, жобаларды басқару. Электроэнергетика саласында техникалық шешімдерді генерациялау, технологиялық инновациялар әзірлеу және инженерлік жобаларды басқару құзыреттері қалыптастырылады.
6) Ғылыми зерттеулерді, практикаларды және педагогикалық даярлықты интеграциялаудағы бірегейлігі
Оқу процесі педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикаларын, сондай-ақ магистрлік диссертация орындаумен магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын қамтиды. Бұл зерттеу жүргізе алатын, оның нәтижелерін инженерлік қызметке және білім беру процесіне енгізе алатын маманды даярлауды қамтамасыз етеді.
Қосымша артықшылық ретінде заманауи оқу-әдістемелік инфрақұрылымның болуы және білім алушылардың Scopus және Web of Science сияқты халықаралық ақпараттық-талдамалық ресурстар мен ғылыми дерекқорларға кеңейтілген қолжетімділігі атап өтіледі, бұл зерттеу және жарияланымдық белсенділіктің жоғары деңгейін қолдайды.
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы – электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен адам қызметі әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады.
Түлектердің кәсіби қызмет объектілері электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтынумен айналысатын өнеркәсіптік нысандар мен кәсіпорындар; дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері; жоғары және орта кәсіптік оқу орындары; ғылыми-зерттеу және конструкторлық ұйымдар болып табылады.
7M07112 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы магистрінің кәсіби қызмет пәндері электр станциялары мен қосалқы станциялар; электр энергетикалық жүйелер мен желілер; электроэнергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматтандырылуы; өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды электрмен жабдықтау; дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері; электр оқшаулау және кабель техникасы; электротехнологиялық қондырғылар мен жүйелер; жарық техникасы және жарық көздері болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
7M07112 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрлері әртүрлі салалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жоғары және орта буынның жетекші лауазымдарын атқара алады; салалық ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында; зауыттық зертханаларда қызмет ете алады; сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығының» біліктілік талаптарына сәйкес орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметпен айналыса алады.
Бағдарлама пәндері
- Ғылымның тарихы мен философиясы
- Шетел тілі (кәсіби)
- Жоғары мектеп педагогикасы
- Басқару психологиясы
- Заманауи бағдарламалық орталар
- Өнертапқыштық міндеттерді шешу теориясы (ТРИЗ)
- Өнеркәсіптік бағдарламалау тілдері
- Желілік технологиялар
- Электромеханикалық жүйелерді модельдеу
- Электр энергетикасындағы математикалық және имитациялық модельдеу
- Ғылыми зерттеулердегі сыни ойлау және аргументация
- Эксперимент нәтижелерін жоспарлау және өңдеу
- Энергия тұтыну режимдерін оңтайландыру
- Энергетикалық аудит және энергоменеджмент
- Бұлдыр (нечеткие) жүйелер және нейрондық желілер
- Жасанды интеллект
- Электроэнергетикалық жүйелерді жобалау
- Электроэнергетикадағы интеллектуалдық басқару жүйелері
- Электр станциялары және электроэнергетикалық жүйелер
- Мехатрондық жүйелер және робототехника
- Энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйелері
- Энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері
- Электроэнергетикадағы стандарттау
- Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергетика
- Энергетикалық жүйелерді әзірлеудің заманауи әдістері мен құралдары
- Жобаларды басқару