1
Білім беру саласы
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
М098 Жылу энергетикасы
Берілетін дәреже
7M07116 «Жылу энергетикасы және энергоэффективті технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Бағдарлама мақсаты
Қазіргі заманғы технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып, заманауи жылуэнергетикалық технологиялар, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жүйелі білімге ие, зерттеу және практикалық қызметте инновацияларға дайын магистранттарды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасы дәстүрлі энергетика саласында да, заманауи энергия тиімді технологиялар бағытында да инженерлік, зерттеу және оқытушылық қызметті тиімді ұштастыра алатын ғылыми-педагогикалық бейіндегі магистрлерді даярлауға бағытталған. Ерекше назар талдау, модельдеу, энергия тиімділігін арттыру және кәсіпорындардың энергия тұтынуын оңтайландыру үшін цифрлық және ЖИ-құралдарды меңгерген оқытушы-зерттеушінің құзыреттерін қалыптастыруға аударылады.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы: жылу энергетикалық қон-дырғылар мен жүйелерді жобалау, пайдалану, жаңғырту және зерттеу, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарында, энергетикалық компания-ларда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, сондай-ақ мемлекеттік басқару органда-рында энергетика саласында.энергия тиімді және төмен көміртекті технологияларды енгізу болып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
7M07116 «Жылу энергетикасы және энергия тиімді технологиялар» ББ бойынша магистра-тура түлектері Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде (30.12.2020 ж. № 553 бұйрығымен бекітілген) мынадай біліктіліктерді мен лауазымдарды атқара алады:
- Инженер-энергетик (энергетик) – санатсыз, II санат, I санат;
- Энергия менеджері (Энергия аудиторы);
- Энергетикалық жабдықтарды пайдалану жөніндегі инженер;
- Инженер-жылу технигі;
- Баптау және сынау жөніндегі инженер;
- Бас энергетик;
- Бас инженер;
- ЖОО оқытушысы;
- Жылумен жабдықтау жүйелерін жобалаушы-инженер.