1
Білім беру саласы
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7М071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
М098 Жылу энергетикасы
Берілетін дәреже
7M07117 «Жылу энергетикасы және энергоэффективті технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі
Бағдарлама мақсаты
Заманауи жылу энергетикалық технологиялар, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларында инновациялық инженерлік және жобалау қызметін жүзеге асыра алатын, кәсіпорындарға энергия үнемдеуші жабдықтарды енгізуге және инженерлік командаларды басқаруға қабілетті, заманауи технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарды еске-ретін магистрлерді даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасы жылу энергетикасы және энергия тиімді технологиялар саласында өндірістік, жобалау және пайдалану міндеттерін шеше алатын инженер-практикті даярлауға бағытталған. Бағдарламаның ерекшелігі — магистранттарды даярлауды қолданбалы цифрландыру және энергия жүйелерін пайдалану мен оңтайландыруда зияткерлік құралдарды қолдануға басымдық беру. Бағдарламада жылутехникалық процестерді талдаудың және эксперименттік бағалаудың қолданбалы әдістеріне ерекше назар аударылады.
Кәсіби қызмет саласы
Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет саласы: жылу энергетикалық қон-дырғылар мен жүйелерді жобалау, пайдалану, жаңғырту және зерттеу, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарында, энергетикалық компания-ларда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, сондай-ақ мемлекеттік басқару органда-рында энергетика саласында.энергия тиімді және төмен көміртекті технологияларды енгізу бо-лып табылады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
7M07117 «Жылу энергетикасы және энергия тиімді технологиялар» ББ бойынша магистра-тура түлектері Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде (30.12.2020 ж. № 553 бұйрығымен бекітілген) мынадай біліктіліктерді мен лауазымдарды атқара алады:
- Инженер-энергетик (энергетик) – санатсыз, II санат, I санат;
- Энергия менеджері (Энергия аудиторы);
- Энергетикалық жабдықтарды пайдалану жөніндегі инженер;
- Инженер-жылу технигі;
- Баптау және сынау жөніндегі инженер;
- Бас энергетик;
- Бас инженер;
- ЖОО оқытушысы;
- Жылумен жабдықтау жүйелерін жобалаушы-инженер.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген: