7M07203 Қара және түсті металдар металлургиясы (Украина ғылым және технологиялар мемлекеттік университетімен бірлескен білім беру бағдарламасы)

1
Білім беру саласы
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M117 Металлургиялық инженерия
Берілетін дәреже
7М07203 «Қара және түсті металдар металлургиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Қара және түсті металдар металлургиясы бойынша магистрлік бағдарлама түлектерді заманауи металлургиялық процестер мен өндірістер саласында ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық қызметке дайындайды. Бағдарлама металдар мен қорытпаларды алу, рафинирлеу және өңдеудің инновациялық энергия және ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу, енгізу және жетілдіру, минералдық және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу, металлургиялық процестерді модельдеу және оңтайландыру, сондай-ақ арнайы пәндерді оқыту әдістемесі мен ғылыми коммуникация салаларында құзыреттерді қалыптастырады.

Қабылдау және оқыту тәртібі

7М07203 «Қара және түсті металдар металлургиясы» білім беру бағдарламасы Украина ғылым және технологиялар мемлекеттік университетімен бірлесіп жүзеге асырылады. КарИУ магистратурасына қабылдау 7М07203 білім беру бағдарламасына қабылдау КарИУ магистратурасына қабылдау қағидаларына сәйкес (қолданыстағы нормативтік құжаттар негізінде) жүзеге асырылады. Оқу траекториясын таңдау құқығы 7М07203 білім беру бағдарламасына қабылданып, КарИУ-ға оқуға тіркелген әрбір магистрант: – тек КарИУ-да оқуын (дәстүрлі траектория), немесе – серіктес жоғары оқу орнымен бірлескен білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша оқуды (екі жоғары оқу орны траекториясы) таңдауға құқылы. КарИУ-ға 7М07203 білім беру бағдарламасы бойынша қабылданған барлық магистранттар іске асырудың ұйымдастырушылық шарттары сақталған жағдайда (жеке оқу жоспарын келісу) БББ бойынша білім алуға құқылы. БББ бойынша оқуға ауысу үшін білім алушы білім беру бағдарламасының жетекшісінің/БББ үйлестірушісінің атына: – бірлескен бағдарлама бойынша оқуға келісімі туралы жеке өтініш; – дербес деректерді өңдеуге және қажетті мәліметтерді серіктес ЖОО-ға беруге келісім (қажет болған жағдайда); – БББ үйлестірушісі талап еткен өзге де құжаттарды ұсынады. БББ жетекшісі: – өтініштің дұрыстығын және серіктеспен жасалған келісім мен оқу кестесіне сәйкес БББ құрамына енгізу мүмкіндігін тексереді; – БББ бойынша білім алушылар тізімін қалыптастырады; – жеке оқу жоспарын және пәндерді меңгеру форматын (КарИУ-да/серіктес ЖОО-да/аралас форматта) келіседі және өзектендіреді. Оқу форматы БББ бойынша оқу КарИУ-дың академиялық саясатына және серіктес ЖОО-мен жасалған келісім шарттарына сәйкес күндізгі, аралас және/немесе қашықтықтан оқыту форматында, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оқу нәтижелері және бітіру құжаттары Бағдарламаны сәтті меңгерген түлек: – КарИУ дипломын (7М07203 БББ бойынша), және – БББ аясында оқу нәтижелерін растайтын Украина ғылым және технологиялар мемлекеттік университетінің сертификатын/транскриптін алады. Рәсімді өзектендіру Қабылдау және БББ-ға енгізу рәсімі жыл сайын қабылдау науқаны басталар алдында және/немесе нормативтік құжаттар, серіктеспен жасалған келісім шарттары немесе ұйымдастырушылық жағдайлар өзгерген жағдайда қайта қаралады.

Бағдарлама мақсаты

Қара және түсті металдарды өндірудің инновациялық энергия және ресурс үнемдейтін технологиялары саласында инженерлік құзыреттерді қалыптастыру негізінде металлург-мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл құзыреттерді түлектер педагогикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық кәсіби қызмет түрлерінде жүзеге асыра алады.

Бағдарламаның бірегейлігі

БББ-ның бірегейлігі және оның негізгі айырмашылықтары: 1. Шетелдік серіктес ЖОО-мен бірлескен білім беру бағдарламасы академиялық және ғылыми құрамдас бөліктерді күшейтуді, білім беру траекториясын кеңейтуді қамтамасыз етеді. 2. Бірлескен білім беру бағдарламасы өндірістегі өнім сапасы мен технологиялық параметрлер мәселелеріне практикалық дайындыққа бағытталуымен ерекшеленеді. 3. Шикізат пен техногендік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу бойынша жүйелі дайындық бірлескен білім беру бағдарламасын тұйық циклді экономика және кәсіпорындардың ESG-күн тәртібі үшін өзекті етеді. 4. Бірлескен білім беру бағдарламасы «инженер – зерттеуші – оқытушы» даярлау траекториясын қамтамасыз етеді.

Кәсіби қызмет саласы

Магистрдің кәсіби қызмет саласы қара және түсті металдар металлургиясы бағытындағы ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, есептік-жобалау, өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті қамтиды және төмендегілерге бағытталған: – металдар мен қорытпаларды өндірудің инновациялық энергия және ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу, енгізу және жетілдіру; – минералдық және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу, металлургиялық өндірістердің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру; – физика-химиялық зерттеулер жүргізу, процестерді модельдеу және оңтайландыру; – жобалар мен инновациялық қызметті ұйымдастыру және басқару; – арнайы пәндерді оқыту және металлургия саласы үшін кадрлар даярлауды әдістемелік сүйемелдеу.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Өндіріс меңгерушісі; Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент); Учаске шебері; Өндірістік зертхана (өндірісті бақылау бойынша) бастығы; Сапаны бақылау бөлімінің бастығы; Патенттік және өнертапқыштық жұмыс бөлімінің бастығы; Өндірістік бөлім бастығы; Ауысым бастығы; Техникалық бөлім бастығы; Орталық зауыттық зертхана бастығы; Цех (учаске) бастығы; Тәжірибелік өндіріс цехының бастығы; Жұмыс өндіруші. – Мамандар лауазымдары: Диспетчер; Инженер; Инженер-конструктор (конструктор); Инженер-зертханашы; Құрал-сайман жөніндегі инженер; Сапа жөніндегі инженер; Жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер; Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер; Патенттік және өнертапқыштық жұмыс жөніндегі инженер; Өндірісті дайындау жөніндегі инженер; Инженер-технолог (технолог); Кәсіби кеңесші; Ұйым директорының (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы) және басқа да бірінші басшылардың көмекшісі (референт, кеңесші). – Конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарына ортақ басшы және техникалық қызметкерлер лауазымдары: Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімшесінің, зертханасының) меңгерушісі (бастығы); Институттың ғылыми-зерттеу бөлімі (бөлімшесі, зертханасы) құрамындағы ғылыми-зерттеу секторының (зертханасының) меңгерушісі (бастығы); (Жетекші, аға, кіші) ғылыми қызметкер; Жетекші инженер; Инженер; Сарапшы; Зертханашы. – Жобалау, конструкторлық, технологиялық және іздестіру ұйымдарының басшы және техникалық қызметкерлері: Инженер-жобалаушы. – Педагогикалық қызметкерлер лауазымы: Оқытушы.

Аккредиттеу

IAAR, 31.05.2024 - 30.05.2029
Сертификат

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Сапа және квалиметрия
  • Ғылымиметрикалық деректер базасы және ақпараттық ресурстар
  • Өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы
  • Патенттану
  • Қара және түсті металлургияның шикізат ресурстарын қайта өңдеудің инновациялық технологиялары
  • Кешенді қорытпалар мен лигатураларды өндіру мен қолданудың инновациялық технологиялары
  • Жобаларды басқару
  • Математикалық модельдеу және есептеу эксперименті
  • Металлургиядағы көлемдік-жоспарлау шешімдері
  • Металлургиядағы процестер мен агрегаттар және олардың даму үрдістері
  • Қазіргі физика-химиялық зерттеу әдістері мен металлургиядағы талдау
  • Металлургиялық реакциялардың тепе-теңдігін термодинамикалық есептеу
  • Кондициялық емес және техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясы

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU