1
Білім беру саласы
7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M117 Металлургиялық инженерия
Берілетін дәреже
7М07204 «Қара және түсті металдар металлургиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар магистрі.
Бағдарлама мақсаты
Түлектер кәсіптік қызметтің өндірістік-технологиялық және жобалау-конструкторлық түрлерінде жүзеге асыра алатын қара және түсті металдар өндірісінің инновациялық энергия және ресурс үнемдеуші технологиялары саласында инженерлік құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде металлургия мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламаның бірегейлігі
7М07204 «Қара және түсті металдар металлургиясы» білім беру бағдарламасы зертханалық және өндірістік зерттеулерді жүргізуді, кен шикізатын өңдеудің заманауи технологияларын меңгеруді, металдар алудың тиімді технологиялық шешімдерін әзірлеу мен енгізуді қамтитын тәжірибеге бағытталған тәсілді қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызмет саласы
Аталған білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызмет саласына металлургия саласындағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық қызмет, сондай-ақ қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіру технологияларын, шикізатты өңдеу әдістерін зерттеу, әзірлеу және жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктілік талаптары мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген "басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына" сәйкес айқындалады, оның негізінде түлектің жоғары және орта техникалық оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау-зерттеу институттарында жұмыс істеуге құқығы бар.конструкторлық ұйымдарда, ұлттық компанияларда, бизнес құрылымдарда:
- Участок шебері;
- Инженер-лаборант;
-Инженер-технолог (технолог);
-Зерттеу бөлімінің меңгерушісі (бастығы)
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
«Инновациялық жобаны қолдау», «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасарының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 259 бұйрығына № 11 қосымша