7M11201 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

1
Білім беру саласы
7M11 Қызметтер
2
Даярлау бағыты
7M112 Жұмыстағы гигиена және еңбекті қорғау
3
Білім беру бағдарламалары тобы
M150 Санитарлық-алдын алу шаралары
Берілетін дәреже
7М11201 «Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі

Бағдарлама мақсаты

Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық және отандық стандарттар негізінде болашақ кәсіби қызмет саласында теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар бәсекеге қабілетті магистранттарды даярлау

Бағдарламаның бірегейлігі

7М11201 «Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік» (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу, кәсіби және педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама отандық және халықаралық білім беру стандарттары негізінде ғылыми ойлау мен зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған, бұл түлектердің өңірлік және ұлттық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаның ерекшелігі – оның зерттеушілік және практикалық бағыттылығы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен, оның ішінде «Qarmet» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуы. Магистранттар ғылыми-зерттеу және өндірістік тәжірибелерден өтіп, қолданбалы зерттеулер жүргізеді және нақты өндірістік міндеттерді шешу тәжірибесін алады. Бұл олардың кәсіби дамуына, табысты жұмысқа орналасуына және докторантурада оқуын жалғастыруына мүмкіндік береді.

Кәсіби қызмет саласы

Осы білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің саласы өндірістік және экологиялық қауіпсіздік болып табылады.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік талаптары мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік нұсқаулығына» сәйкес айқындалады. 553: - қауіпсіздік инженері - өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі маман, - қауіпсіздік инспекторы - Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдарының маманы, - орта техникалық және жоғары оқу орындарында оқытушы; - ғылыми-зерттеу және конструкторлық-іздестіру бюролары мен институттарының маманы.

Аккредитация

IAAR, 31.05.2024 - 30.05.2029
Сертификат

Негізгі оқытылатын пәндер

  • ТҚжҚО Стандарттау және сертификаттау
  • Лицензиялау
  • Өнертапқыштық есептерді шешу теориясы
  • Өнертапқыштық есептерді шешу теориясы
  • Ғылыми коммуникация
  • Ғылыми-инновациялық іс-әрекетті жоспарлау және басқару
  • Өндірістің және қоршаған ортаның ластануына мониторинг
  • Өнеркәсіптік санитарияның қазіргі кездегі мәселелері
  • ТЖ және СО тексеру және сараптау
  • Өнеркәсіптегі ресурс үнемдеу және экология
  • ТӘҚ және ҚОҚ өзекті мәселелер
  • Патенттану
  • Жобаларды басқару
  • ТЖ аспаптары және техникалары
  • Лабораторияны аккредитациялау
  • Жасанды интеллект саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы
  • Өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу әдістері мен өтелду тәсілдері

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

  • Кәсіби стандарт: «Ғылым мен инноваторлардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру», «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 жылғы бұйрығына № 1 қосымша. № 259.
  • Кәсіби стандарт: «Инновациялық идеяларды дамыту және трансформациялау», «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 жылғы бұйрығына № 9 қосымша. № 259
  • Кәсіби стандарт: «Қауіпті өндірістік объектілерді ұстау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына № 14 қосымша. № 270
  • Кәсіби стандарт: «Қауіпті өндірістік объектілерді ұстау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына № 14 қосымша. № 270
  • Кәсіби стандарт: «Еңбекті қорғау» Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 18.12.2019 жылғы бұйрығына № 26 қосымша. № 255
  • Кәсіби стандарт: «Еңбек нормасы», «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 18.12.2019 жылғы бұйрығына № 25 қосымша. № 255
  • Кәсіби стандарт: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына (профессорлық-оқытушылық құрамына) арналған кәсіптік стандартты бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы.
  • Қарағанды облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік инженері

Сұрақ қою

KZ EN RU