1
Білім беру саласы
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
8D071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
D103 Механика және металл өңдеу
Берілетін дәреже
8D07102 Технологиялық машиналардың инновациялық инжинирингі білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Бағдарлама мақсаты
Технологиялық машиналарды зерттеу, әзірлеу және пайдалану саласындағы инновациялық қызметке қабілетті ғалым-зерттеушіні дайындау
Бағдарламаның бірегейлігі
Терең ғылыми зерттеулерге, компьютерлік модельдеуге, есептеу экспериментіне және инновациялық жобалаудың заманауи әдістеріне негізделген инновациялық технологиялық машиналарды әзірлеуге және енгізуге қабілетті жаңа буын зерттеушісін даярлау
Кәсіби қызмет саласы
Технологиялық жабдықты зерттеуге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған адам қызметінің құралдарының, әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың салалары, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызмет.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» сәйкес айқындалады:
- Ғылыми қызметкер
- Арнайы пәндер оқытушысы