1
Білім беру саласы
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
8D071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
D100 Автоматтандыру және басқару
Берілетін дәреже
8D07104 Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Бағдарлама мақсаты
Ғылымда, білім беруде және өндірісте инновациялық қызметке қабілетті автоматтандыру және басқару саласында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми және өндірістік міндеттерді шешудің заманауи әдістерін меңгерген жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарламаның бірегейлігі
8D07104 «Автоматтандыру және басқару» ББ инклюзивті, қолжетімді және тұрақты инженерлік тәжірибеге назар аудара отырып, цифрлық автоматтандыру жүйелерін жобалау және енгізу үшін адаптивті басқару және ЖИ ие жаңа буын зерттеушілері мен инженерлерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы өндірістің барлық салаларында басқару үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолданумен байланысты технологиялық процестердегі автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады, сондай-ақ әдіснамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады:
- Бақылау шебері (учаске, цех);
- Зерттеу зертханасының бастығы;
- Орталық зауыт зертханасының бастығы;
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру бөлімінің бастығы;
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (бөлімше немесе ақпараттық технологиялар орталығы);
-Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика инженері;
-Электроника инженері (электроника);
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі Инженер (Ақпараттық технологиялар бөлімшесі немесе орталығы);
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі Инженер.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Инновациялық жобаны сүйемелдеу» кәсіби стандарты;
-
«Ақпараттық технологияларды құру және басқару» кәсіби стандарты;
-
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіби стандарт.