8D07107 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (Индустриялық PhD)

1
Білім беру саласы
Технологиялық машиналардың инновациялық инжинирингі (индустриялық PhD)
2
Даярлау бағыты
8D071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
D103 Механика және металл өңдеу
Берілетін дәреже
индустрия докторы

Бағдарлама мақсаты

Ғылымда, білім беруде және өндірісте инновациялық қызметке қабілетті органикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы ғылыми және өндірістік міндеттерді шешудің заманауи әдістерін меңгерген білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Бағдарламаның бірегейлігі

Инновациялық технологиялар мен қолданбалы зерттеулерді енгізу негізінде химия және мұнай-химия салаларының өндірістік міндеттерін шешуге қабілетті индустрия докторларын даярлау.

Кәсіби қызмет саласы

органикалық синтез және қайта өңдеу технологияларын, сондай-ақ химиялық өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған өнеркәсіптік химиядағы инновациялық үдерістер

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

a) Басшылық лауазымдар: Бас технолог; Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент); Өндірісті бақылау жөніндегі өндірістік зертхананың бастығы; Сапа бақылау бөлімінің бастығы; Патенттік және өнертапқыштық жұмыс бөлімінің бастығы; Өндірістік бөлімнің бастығы; Техникалық бөлімнің бастығы; Орталық зауыттық зертхананың бастығы; Тәжірибелік өндіріс цехының бастығы. b) Мамандардың лауазымдары: Инженер-конструктор (конструктор), Құрал-саймандар жөніндегі инженер, Жабдықты комплектациялау жөніндегі инженер, Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер, Патенттік және өнертапқыштық жұмыс жөніндегі инженер, Өндірісті даярлау жөніндегі инженер, Ұйымның және басқа да бірінші басшылардың көмекшісі (директордың, бас директордың, атқарушы директордың, президенттің, басқарма төрағасының, басқарушының) (референт, кеңесші). c) Конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарына ортақ басшылық және техникалық қызметкерлердің лауазымдары: Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу бөліміне (бөлімшесіне, зертханасына) меңгеруші (бастық); Ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімшесінің, зертханасының) құрамына кіретін ғылыми-зерттеу секторының (зертханасының) меңгерушісі (бастық); (Жетекші, аға) ғылыми қызметкер; Жетекші инженер. d) Жобалау, конструкторлық, технологиялық және іздестіру ұйымдарының басшылық және техникалық қызметкерлерінің лауазымдары: Инженер-химик.

Негізгі оқытылатын пәндер

  • Академиялық жазу
  • Ғылыми зерттеу әдістері
  • Органикалық талдаудағы ядролық магниттік-резонанстық спектроскопия
  • Синтетикалық және табиғи текті органикалық заттар мен материалдарға арналған инновациялық технологиялар
  • Наноқұрылымды және композиттік полимерлердің химиясы мен технологиясы
  • Өнеркәсіптік технологиядағы заманауи полимер материалдары

Оқытушылар

Пән Оқытушы
1 Ғылыми зерттеу әдістері Кабиева С.К.
2 Органикалық талдаудағы ядролық магниттік-резонанстық спектроскопия Нуркенов О.А.
3 Синтетикалық және табиғи текті органикалық заттар мен материалдардың инновациялық технологиялары Жакина А.Х.
4 Наноқұрылымды және композиттік полимерлердің химиясы мен технологиясы Гавва Н.Ф.
5 Өнеркәсіптік технологиядағы заманауи полимер материалдары О.А. Нуркенов

Кәсіби стандарттар

Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319–III «Білім туралы» заңы.
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығы
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы
  • «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы
  • «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы
  • «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы
  • «Инновациялық жобаны сүйемелдеу» кәсіби стандарты, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 259 бұйрығымен (№ 11 қосымша) бекітілген.

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU