1
Білім беру саласы
8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
8D071 Инженерия және инженерлік іс
3
Білім беру бағдарламалары тобы
D100 Автоматтандыру және басқару
Берілетін дәреже
8D07109 Автоматтандыру және басқару білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік докторы
Бағдарлама мақсаты
Автоматтандыру және басқару жүйелерінің инженериясы саласында терең жүйелік білімі бар, өндірісті автоматтандырудың проблемалары мен қажеттіліктерін шешуге оң үлес қосатын, инновациялар мен ғылыми жобаларды ілгерілету үшін техникалық білімді қолдануға қабілетті бейін бойынша докторларды даярлау
Бағдарламаның бірегейлігі
8D07109 «Автоматтандыру және басқару» ББ инклюзивті, қолжетімді және тұрақты инженерлік тәжірибеге назар аудара отырып, цифрлық автоматтандыру жүйелерін жобалау және енгізу үшін адаптивті басқару және ЖИ ие жаңа буын зерттеушілері мен инженерлерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Кәсіби қызмет саласы
Кәсіби қызмет саласы өндірістің барлық салаларында басқару үшін ақпаратты өңдеу құралдары мен әдістерін қолданумен байланысты технологиялық процестердегі автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару саласы болып табылады, сондай-ақ әдіснамалық және эксперименталды -зерттеу жұмыстары.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
Біліктіліктер мен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады:
- Бақылау шебері (учаске, цех);
- Орталық зауыт зертханасының бастығы;
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру бөлімінің бастығы;
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (бөлімше немесе ақпараттық технологиялар орталығы);
-Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика инженері;
-Электроника инженері (электроника);
- Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі Инженер (Ақпараттық технологиялар бөлімшесі немесе орталығы);
- Өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі Инженер.
Кәсіби стандарттар
Бағдарлама келесі кәсіби стандарттар негізінде әзірленген:
-
Кәсіби стандарт «Инновациялық жобаны сүйемелдеу»