«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 8D071 Инженерия және инженерлік іс бағыты (8D07101 Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы) бойынша диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 8D07101 Инженериядағы нанотехнологиялар білім беру бағдарламасы бойынша Алтынбасова Алтын Жагипаровнаның «Цирконий диоксиді наноұнтақтарына негізделген қатты күйдегі заряд жинақтағыштардың ғылыми негіздерін әзірлеу және практикалық іске асыру» тақырыбында докторлық диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Біріккен ядролық зерттеулер институты» (БЯЗИ) халықаралық үкіметаралық ұйымындағы Өкілетті өкілінің жолдамасы бойынша БЯЗИ-де (Дубна қ., Ресей Федерациясы) орындалған.
Диссертацияның ұсынылу нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі:
қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
-
Айнабекова Сауле Серикбаевна –
PhD,
қауымдастырылған профессор (доцент), «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті (Теміртау қ., Қазақстан Республикасы);
-
Аппазов Нурбол Орынбасарұлы –
химия ғылымдарының кандидаты,
профессор, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламаларының профессор-зерттеушісі (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы);
-
Дорошкевич Александр Сергеевич –
физика-математика ғылымдарының кандидаты,
Біріккен ядролық зерттеулер институтының И.М. Франк атындағы нейтрондық физика зертханасының ядролық физика бөлімінің ядролық-физикалық материалтану және иондық имплантация технологиялары секторының меңгерушісі (Дубна қ., Ресей Федерациясы);
Ресми рецензенттер:
-
Матаев Мухаметкали Мусагалиевич —
химия ғылымдарының докторы,
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Химия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
-
Сериков Тимур Маратович —
PhD,
қауымдастырылған профессор (доцент), «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университеті» КеАҚ Физика және нанотехнологиялар кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
-
Достаева Ардак Мухамедиевна –
PhD,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры,
(Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы)
-
Сагинтаева Женисгуль Имангалиевна –
химия ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор (доцент), Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының термохимиялық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері,
(Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы)
-
Фоменко Яков Сергеевич –
химия ғылымдарының кандидаты,
Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің А.В. Николаев атындағы Бейорганикалық химия институтының кешенді қосылыстар химиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері,
(Новосибирск қ., Ресей Федерациясы)
Қорғау:
2026-12-28, 11:00 «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жаңа ғимараты. мекенжай бойынша: 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30, Н-201 аудиториясы..
Қорғау аралас форматта (офлайн және Zoom платформасында онлайн);
https://zoom.us/j/91636067304?pwd=aUI0LgahDFTR1O99Eci8DdUmNbB8hf.1
Конференция идентификаторы: 916 3606 7304
Кіру коды: 051240
Ғалым хатшы:
PhD Абишкенов М.Ж.
email: m.abishkenov@tttu.edu.kz
Бейресми пікірлер
Назар аударыңыз: Бейресми пікір — оның авторының жеке пікірі және Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарын іске асыру мақсатында жарияланады. Пікірдің мазмұны автордың ұстанымын білдіреді және университеттің немесе диссертациялық кеңестің ресми ұстанымы болып табылмайды. Пікір автор көрсеткен электрондық пошта мекенжайын растағаннан кейін және модерациядан өткеннен кейін жарияланады. Электрондық поштаны растау автордың жеке басын растау болып табылмайды.
Жарияланған пікірлер әзірге жоқ.
Бейресми пікір қалдыру