Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызы

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның жанынан құрылған 8D072 – Өндірістік және өңдеу салалары бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде 6D070900 (8D07202) – «Металлургия» («Қара және түсті металдар металлургиясы» ББ) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекеева Гауһар Сәрсенғалиқызының «Бьеррум-Гуггенгейм тұжырымдамасы негізінде күрделі ферроқорытпаларды алудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін Fe-Si-Al-Mn-Cr жүйесінің құрылымдық күйінің физика-химиялық моделін құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді. Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Металлургиялық балқымалар» зертханасында орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ (Теміртау қ., Қазақстан);
  2. Толоконникова Вера Владимировна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Физика-химия және ілеспе элементтер технологиясы» зертханасының меңгерушісі, Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты ( Қарағанды қ., Қазақстан);
  3. Заякин Олег Вадимович – техника ғылымдарының докторы, «Болат және ферроқорытпа» зертханасы, «РҒА Орал бөлімінің металлургия институты» ФМБҒМ (Екатеринбург қ., Ресей Федерациясы);

Ресми рецензенттер:

  1. Колесников Александр Сергеевич — техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, докторанттың зерттеулері саласында 5- тен астам ғылыми жарияланымдары бар (Шымкент қ., Қазақстан);
  2. Аубакиров Дастан Рахметоллаевич — PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісінің м.а., докторанттың зерттеулері саласында 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар (Қарағанды қ., Қазақстан.);

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Капелюшин Юрий Евгеньевич – PhD, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) «Қайта пайдалануға болатын зымыран-тасығыштардың қозғалтқыш қондырғыларының физика-химия және газдинамика мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, 6D070900 — «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 4 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар (Челябинск қ., , Ресей Федерациясы.) Хирш индексі: Web of Science = 4, Scopus = 5.
  2. Абдулина Сауле Амангельдыевна – PhD, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ-ның 6B07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасының жетекшісі, 6D070900 — «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 4 жарияланымдары бар (Өскемен қ., Қазақстан.) Хирш индексі: Web of Science = 2, Scopus = 4.
  3. Аринова Сания Каскатаевна – PhD, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Нанотехнология және металлургия»кафедрасының оқытушысы., 6D070900 — «Металлургия» мамандығы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 3 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда жарияланымдары бар (Қарағанды қ., Қазақстан) Хирш индексі: Web of Science = 3, Scopus = 2.

Қорғау: 2024-11-08, 10:00 «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның Жаңа ғимараты Н-201 ауд. мекенжай бойынша: 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 мекен-жайында өтеді..

Қорғау аралас форматта (офлайн және Zoom платформасында онлайн);

https://zoom.us/j/91526043130?pwd=G28FVKG2XAYixXaDLUYBlXYKQG9dKA.1

Конференция идентификаторы: 915 2604 3130

Кіру коды: 081124

Ғалым хатшы: PhD Ержанов А.С.

тел: +7 (747) 131 21 83

email: 6D070900@tttu.edu.kz

сайт адресі https://tttu.edu.kz/page/obyavleniya-o-zaschitah

Қорғау бейне жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=d-wTmd4sSxc

Сұрақ қою

KZ EN RU