«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ профессорлы-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе hr@tttu.edu.kz электронды поштасы арқылы сканерленген нұсқада жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн мен уақыт: 21 тамыз 2026 ж., сағат 18.00 дейін.
Конкурс өткізілетін күн: 25 тамыз 2026 жыл.
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, 222 бөлме, HR бөлімі.
Телефон: +7(7213) 91-02-40
Профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдары
| Кафедра |
Кафедра меңгерушісі |
Профессор |
Доцент |
Аға оқытушы |
Оқытушы |
| Металлургия және материалтану |
1 |
- |
- |
2 |
1 |
| Металдарды қысыммен өңдеу |
- |
- |
- |
1 |
1 |
| Химиялық технология және экология |
- |
1 |
1 |
2 |
1 |
| Энергетика |
- |
- |
- |
1 |
- |
| Дене тәрбиесі |
- |
- |
- |
1 |
1 |
| Экономика және Бизнес |
- |
- |
- |
2 |
- |
| Құрылыс |
- |
- |
- |
3 |
- |
| Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері |
- |
- |
- |
- |
1 |
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- 1 нысанға сәйкес Басқарма Төрағасы-Ректордың атына жазылған өтініш.
- 2 нысанға сәйкес түйіндеме.
- Білім беру құжаттарының, ғылыми дәрежелерінің және атақтарының көшірмелері (бар болса), сондай-ақ тексеру үшін түпнұсқалары.
- Біліктілікті арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту туралы құжаттардың, соның ішінде халықаралық құжаттардың көшірмелері (бар болса), сондай-ақ тексеру үшін түпнұсқалары.
- Кандидат куәландырған ғылыми басылымдардың, білім беру басылымдарының, зияткерлік меншіктің, патенттердің және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметтің басқа да нәтижелерінің тізімі (бар болса).
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
- Оқытылатын пән(дер) бойынша электронды форматта, 10 слайдтан аспайтын презентация.
Презентацияда мыналар болуы мүмкін:
- Үміткердің оқытушылық қызметі туралы ақпарат.
- Қолданылатын білім беру, ғылыми және зерттеу технологиялары мен оқыту әдістері туралы ақпарат.
- Жоспарланған оқу нәтижелерінің сипаттамасы және оларға қалай қол жеткізуге болатыны.
- Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат.
- Үміткердің кәсіби қызметін сипаттайтын оқу-әдістемелік зерттеу материалдарының, ғылыми мақалалардың, түпнұсқалық әзірлемелердің және басқа да материалдардың үлгілері.
Кафедра меңгерушісі және декан лауазымдарына үміткер үміткерлер тиісті құрылымдық бөлімшенің Даму тұжырымдамасын да ұсынуы тиіс.
Үміткердің білімін, кәсіби қызметін, біліктілігін, жұмыс тәжірибесін, ғылыми жетістіктерін және басқа да кәсіби жетістіктерін (бар болса) сипаттайтын қосымша құжаттар мен материалдар.
Конкурсқа қатысатын үміткерлерге қойылатын талаптар:
Қарағанды индустриялық университетіндегі ғылыми-педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары туралы
Ережеге сәйкес
.
Конкурсты өткізу:
Қарағанды индустриялық университетіндегі оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурстық іріктеу
ережелеріне сәйкес
.
Байланыс ақпараттары мен құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек:
101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, HR бөлімі (222-кеңсе).
Телефон: +7 (7213) 91-02-40.