Микроквалификациялар

Микроквалификациялар тізімі
8(7213)91-68-95 Академиялық саясат департаменті, жаңа корпус, Н-213
1

Digital-Технолог

2 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Механика және металл өңдеу
Серіктес ұйым: «Инкар-1» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. Виртуалды тренажерлерде және сынау машиналарының цифрлық фабрикаларында жұмыс істеу
  2. Цифрлық фабрикада немесе виртуалды тренажерде деформациялау технологиясын баптау
  3. Технологиялық процесті қайта баптау, өндірістік технологияларды digital-форматта модельдеу
2

3D басып шығару операторы

8 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Механика және металл өңдеу
Серіктес ұйым: «Инкар-1» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. 3D модельдер жасау
  2. 3D модельдерді басып шығаруға дайындау
  3. 3D объектілерді басып шығаруды бақылау
3

Әлеуметтік желілер менеджменті (SMM)

3 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Бизнес, басқару және құқық
Даярлау бағыты: Бизнес және басқару
БҚ тобы: Менеджмент және басқару
Серіктес ұйым: ЖК Наговицын А.М. «Сарафан» жарнама агенттігі

Оқыту нәтижелері:

  1. Сайтты/тауарды/қызметті жылжыту бағдарламаларын әзірлеу
  2. Интернет жарнамалық компанияны әзірлеу
  3. Желідегі компанияның беделін бақылау
4

Хатшы-референт

5 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Бизнес, басқару және құқық
Даярлау бағыты: Бизнес және басқару
БҚ тобы: Менеджмент және басқару
Серіктес ұйым: «КонсультантЪ» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. Кәсіби қызметте сөйлеу мәдениетін сақтау
  2. Нарықтық экономика және микроэкономика теориясының негіздерін меңгеру
  3. Іскерлік кездесуді ұйымдастыру
  4. Кәсіби салада кеңселік оргтехниканы қолдану
  5. Microsoft Office негізгі бағдарламаларымен жұмысты ұйымдастыру
  6. Қызметтік құжаттарды құрастыру және ресімдеу
  7. Кәсіпорын құжаттарымен жұмысты ұйымдастыру
  8. Хатшы жұмысын ұйымдастыру
5

Python тіліндегі бағдарламашы

5 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Даярлау бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
БҚ тобы: Ақпараттық технологиялар
Серіктес ұйым: «Qarmet» АҚ БААЕО

Оқыту нәтижелері:

  1. Басқа біреудің кодын түсіну және оны өз міндеттеріне бейімдеу
  2. Кодтағы тілдің кірістірілген немесе өзіндік функцияларын пайдаланып автоматтандыруға және оңтайландыруға болатын фрагменттерді табу
  3. Django және Flask сияқты веб-қосымшаларды әзірлеуде қолданылатын фреймворктермен жұмыс істеу
  4. Дерекқорлармен жұмыс істеу, соның ішінде SQL көмегімен сұраныстар жазу
  5. Python тілінің кірістірілген құралдарын пайдаланып деректерді визуализациялау
  6. Үлкен деректер жиынтығын өңдеу
6

Сызбашы

10 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Механика және металл өңдеу
Серіктес ұйым: «Инкар-1» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. Көріністер, қималар мен кесінділерді қолдана отырып, қажетті кескіндер санын таңдап, бөлшектердің сызбаларын орындау
  2. Жазық қырлы пішіндегі және қисық сызықты беттері бар бөлшектердің аксонометриялық проекцияларын орындау
  3. 5-7 нысаннан тұратын сызбаларды оқу және детальдау
  4. БҚБЖ мемлекеттік стандарттарын және анықтамалық әдебиеттерді пайдалану
  5. Алынған білімді шығармашылық есептерді шешуде, соның ішінде конструкциялау элементтерімен қолдану
7

Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі

10 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Электротехника және автоматтандыру
Серіктес ұйым: «Qarmet» АҚ

Оқыту нәтижелері:

  1. Электрондық техниканың аналогтық және цифрлық құрылғылары мен блоктарын пайдалану
  2. Есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін қолдану
  3. Автоматика электрмашиналық құрылғыларының, аппараттар мен жабдықтардың элементтерінің сипаттамаларын білу
  4. Автоматтандырудың функционалдық схемаларын құру қағидаларын, оларды талдау және синтездеу әдістерін қолдану
  5. Компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелерді ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің заманауи қағидалары негізінде бағдарламалық-аппараттық жүйелерді конфигурациялау
8

Химиялық талдау лаборанты

10 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Механика және металл өңдеу
Серіктес ұйым: «ЭкоПромТехнолоджи» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. Компоненттерді алдын ала бөлмей қабылданған әдістеме бойынша орташа күрделіліктегі талдаулар жүргізу
  2. Талданатын материалдардағы заттың пайыздық құрамын әртүрлі әдістермен анықтау
  3. Материалдар мен заттардың тұтқырлығын, еритіндігін, меншікті салмағын пикнометрмен анықтау
  4. Қарапайым титрлерді орнату және тексеру
  5. Зертханалық жабдықты баптау, бар схемалар бойынша зертханалық қондырғыларды құрастыру
9

Грохотшы

5 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Өндірістік және өңдеуші салалар
БҚ тобы: Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Серіктес ұйым: «Qarmet» АҚ

Оқыту нәтижелері:

  1. Қызмет көрсетілетін жабдықтың, іске қосу және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымын, жұмыс істеу қағидасын және мақсатын білу
  2. Грохоттау процесін жүргізу
  3. Колосник торларының жағдайын, материалдардың біркелкі түсуі мен таралуын бақылау
  4. Грохоттау сапасын бақылау
  5. Грохоттар, елеуіштер, қоректендіргіштер жұмысын реттеу
  6. Елеуіштерді орнату, тазалау және ауыстыру
  7. Жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану
10

Бояушы

5 кредит KZ, RU
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Сәулет және құрылыс
БҚ тобы: Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
Серіктес ұйым: «Логос-Монтажстрой» ЖШС

Оқыту нәтижелері:

  1. Бояу жұмыстарын орындау кезінде дайындық жұмыстарын жүргізу
  2. Беттерді әртүрлі бояу құрамдарымен бояу
  3. Беттерді әртүрлі материалдармен жабыстыру
  4. Боялған және жабыстырылған беттерді жөндеу
11

SAP ABAP платформасымен жұмыс істеу негіздері

3 кредит каз., рус
Білім беру саласы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Даярлау бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
БҚ тобы: Ақпараттық технологиялар
Серіктес ұйым: «Qarmet» АҚ БААЕО
12

Энергетикалық объектілердің аудиторы

3 кредит каз., рус
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Электротехника және энергетика, жылу энергетикасы

Оқыту нәтижелері:

  1. Электртехникалық және жылутехникалық жабдықтар мен жүйелердің сұлбаларын оқу.
  2. Техникалық құралдардың сипаттамаларын тексеру және процестер параметрлерін мониторингтеу үшін өлшеу аппаратурасын қосудың қажетті нүктелерін анықтау.
  3. Өлшеу аспаптарын жабдықтар мен жүйелерге қосу, өлшеулер жүргізу.
  4. Стационарлық немесе тасымалды өлшеу және тіркеу аспаптарының көмегімен энергия тұтыну қондырғыларының жұмыс режимдерінің сипаттамаларын тіркеу.
  5. Объектіні энергетикалық тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде электр қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.
13

Интерьерлерді дизайнерлік әрлеу жөніндегі маман

2 кредит
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Сәулет және құрылыс
БҚ тобы: Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Оқыту нәтижелері:

  1. Интерьердегі композиция, колористика, эргономика және стильдің негізгі қағидаттарын түсіну.
  2. Объектінің бастапқы деректерін талдау және тапсырыс беруші талаптарын ескере отырып, дизайнерлік безендіру тұжырымдамасын қалыптастыру.
  3. Кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етуді (AutoCAD, Renga және т.б.) қолдана отырып, интерьердің дизайн-жобасын әзірлеу.
  4. Тұжырымдамаға және үй-жайлардың техникалық сипаттамаларына сәйкес әрлеу материалдарын, жиһазды, жарықтандыруды және сәндік элементтерді таңдау.
  5. Әрлеу жұмыстары бойынша жұмыс құжаттамасын әзірлеу (қабырғалардың жазбалары, төбе, еден, жарықтандыру, электр және сантехника жоспарлары).
  6. Жобаны іске асыруға авторлық қадағалау жүргізу, мердігерлермен және тапсырыс берушімен өзара әрекеттесу.
  7. Интерьерлерді жобалау кезінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және санитариялық-гигиеналық талаптар нормаларын қолдану.
  8. Әрлеу жұмыстарының сметалық құнын бағалау және жоба бюджеті шеңберінде шығындар есебін жүргізу.
  9. Жобаларды көрнекі түрде ұсыну дағдыларын меңгеру (эскиздер, коллаждар, 3D-визуализациялар, moodboard).
  10. Клиенттермен және командамен тиімді коммуникация жасау, жобалық шешімдерді таныстыру және дизайнерлік шешімдерді таңдауды негіздеу.
14

PYTHON тілінде ойын әзірлеу негіздері

1 кредит
Білім беру саласы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Даярлау бағыты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
БҚ тобы: Ақпараттық технологиялар

Оқыту нәтижелері:

  1. Қарапайым 2D ойынның құрылымын жобалау (логика, сахналар, спрайттар, интерфейс).
  2. Ойын кітапханаларын пайдалана отырып, Python тілінде бағдарламалау.
  3. Ойын әзірлеуде қолданылатын базалық алгоритмдер мен деректер құрылымдарын меңгеру.
  4. Пайдаланушы басқаруын және ойын оқиғаларын іске асыру (соқтығысулар, сахналардың ауысуы, жеңіс/жеңілу шарттары).
  5. Ойын қосымшаларын жөндеу және тестілеуді жүзеге асыру.
  6. Өзінің ойын жобасын таныстыру (техникалық сипаттама, көрсету, қысқаша питч).
15

Материалдар мен бұйымдардың сапасын бақылау

1 кредит
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Инженерия және инженерлік іс
БҚ тобы: Материалтану және материалдар технологиясы

Оқыту нәтижелері:

  1. Нормативтік құжаттар тұрғысынан материалдардың сапа критерийлері мен сенімділік көрсеткіштерін түсіндіру.
  2. Материал түрі мен пайдалану шарттарына байланысты барабар бақылау әдістерін таңдау.
  3. Сынақтар мен диагностикалық өлшеулер нәтижелерін интерпретациялау.
  4. Типтік ақауларды анықтау және олардың пайда болуының ықтимал себептерін белгілеу.
  5. Материалдардың стандарттар мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін бағалау.
  6. Бұйымдардың сенімділігін арттыру бойынша техникалық ұсынымдар қалыптастыру.
16

Ұсату-сұрыптау жабдығының операторы

2 кредит
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Даярлау бағыты: Өндірістік және өңдеу салалары
БҚ тобы: Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Оқыту нәтижелері:

  1. Пайдалы қазбаларды ұсату қағидаттарын және ұсату жабдығының мақсатын түсіну.
  2. Кеннің техникалық параметрлерін бағалау және ұсату режимдерін түзету.
  3. Ұсатқыштар мен қосалқы агрегаттарды іске қосу, тоқтату, баптау және техникалық қызмет көрсетуді орындау.
  4. Өртке қарсы іс-шараларды және электр қауіптерінен қорғау шараларын қоса алғанда, қауіпсіз жұмыс әдістерін қолдану.
  5. Ұсату сапасын бағалау үшін өлшеу құралдарын пайдалану (оның ішінде елеуіштік талдау, ылғал өлшегіш және т.б.).
17

Патенттік және өнертапқыштық жұмыс жөніндегі инженер

31 кредит
Білім беру саласы: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Оқыту нәтижелері:

  1. Техника мен технология объектілерін әзірлеудің барлық кезеңдерінде патенттік зерттеулер жүргізуге қатысу.
  2. Ұйымның өндірістік қызметінде қолдануға жоспарланған өнертабыстарды іріктеуді және оларды ұйым мамандарының зерделеуін қамтамасыз ету.
  3. Патенттік зерттеулер нәтижелерінің техникалық құжаттамада көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың есебін жүргізу.
  4. Жобалау-конструкторлық әзірлемелер барысында анықталған өнертабыстардың ішінен лицензиялау мен патенттеуге дайындалатындарын іріктеуге және оларды дайындауға қатысу.
  5. Ұйым қызметінің бейініне сәйкес патенттік қорды құру және жүйелі түрде толықтыру жұмыстарын заманауи есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізу.
  6. Ұйым мамандарын қолда бар патенттік материалдармен таныстыруды ұйымдастыру және оларды пайдалану бойынша ұсынымдар дайындау.
  7. Ұйымда жасалған өнертабыстар туралы материалдарды жариялауға қатысты мәселелерді қарауға қатысу.
  8. Рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды қарауға, олардың техника-экономикалық сараптамасына қатысу және олар бойынша қорытындылар дайындау.
  9. Патенттік-лицензиялық, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыс, қабылданған және пайдаланылған рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша есептілікті жасау.

Сұрақ қою

KZ EN RU