Minor-бағдарламалар

Қосымша білім беру бағдарламасы Minor (Минор) – қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында білім алушы оқу үшін анықтаған пәндер және (немесе) модульдер мен оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы. Minor бакалавриаттың барлық студенттеріне таңдау үшін ұсынылады. Әрбір білім алушы оқу үшін бір Minor таңдауға міндетті. Minor бакалавриаттың екінші (ТжКБ базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша оқитындар үшін) және үшінші курсында (толық оқу мерзімімен) оқытылады. Minor кезекпен оқытылатын төрт пәннен тұрады, еңбек сыйымдылығы 20 кредит (әр пәннің еңбек сыйымдылығы – 5 кредит). Қосымша білім беру бағдарламасының пәндері — Minor білім алушылармен таңдау компонентінің пәндері шеңберінде оқытылады және олардың көлемі техника және технологиялар бакалавры дәрежесін беру үшін қажетті академиялық кредиттердің жалпы көлеміне (негізгі бағдарламаның 240 кредиті) кіреді.

Minor «IT – технологиялар»

Пәндер:

  • Алгоритмдеу негіздері
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
  • Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негіздері
  • Деректер қоры

Minor «Экономика және басқару»

Пәндер:

  • Экономика негіздері
  • Менеджмент
  • Маркетинг
  • Қаржы

Minor «3D инжиниринг»

Пәндер:

  • 3D модельдеу
  • CAD/CAM жүйелері
  • Прототиптеу
  • Аддитивті технологиялар

Minor «Толық металлургиялық циклді өндіріс»

Пәндер:

  • Қара металдар металлургиясы
  • Түсті металдар металлургиясы
  • Кен байыту
  • Құю өндірісі

Құжаттар

Сұрақ қою

KZ EN RU