Түлек моделі – бұл білім беру бағдарламасын меңгеру процесінде қалыптасатын және түлектің кәсіби қызметке дайындығын анықтайтын білім, білік, дағды, құзыреттілік пен жеке қасиеттерді қамтитын оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар жиынтығы.
Қарағанды индустриялық университеті түлек моделін мыналар негізінде қалыптастырады:
— Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңбері;
— Кәсіби стандарттар;
— Дублин дескрипторлары;
— Жұмыс берушілер мен мүдделі тараптардың талаптары;
— Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибелер.
Түлек моделі келесі негізгі құзыреттіліктерді қамтиды:
Кәсіби құзыреттіліктер — тиісті қызмет саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдану қабілеті.
Зерттеу құзыреттіліктері — ғылыми зерттеулер жүргізу, деректерді талдау, қорытынды тұжырымдау және ғылыми жұмыс нәтижелерін ұсыну біліктілігі.
Коммуникативтік құзыреттіліктер — кәсіби және академиялық қарым-қатынас үшін жеткілікті деңгейде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.
Цифрлық құзыреттіліктер — кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану қабілеті.
Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктер — үздіксіз кәсіби дамуға, командалық жұмысқа, көшбасшылыққа және әлеуметтік жауапкершілікке дайындық.
Түлек моделі жұмыс берушілердің, түлектердің және білім алушылардың пікірлерін ескере отырып әзірленеді және еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде қайта қаралады.