Монографияның шығу деректері:
Кунаев В.А. Повышение качества дорожно-строительного щебня из металлургических отходов: оборудование и технологии. - Теміртау: Қарағанды индустриялық университеті, 2024. - 127 с. ISBN 978-601-364-058-7
Монографияның аннотациясы (қысқаша сипаттамасы):
Монографияда металлургиялық өндіріс қалдығы – үйінді домна қожынан алынатын жол-құрылыс материалдарының негізгі физикалық-механикалық сипаттамаларын жақсартуға арналған жаңа технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу бойынша зерттеулер жинақталған. Кітапта қож қиыршықтасының сипаттамаларын арттырудың алғаш рет ұсынылған және патенттелген технологиясы сипатталған. Бұл технология материалды кешенді өңдеуге негізделген және іріктеп ұсақтау әдісімен алдын ала байытуды, сондай-ақ бүтіндігін сақтап қалған қиыршықтас түйірлеріне су тебетін құрамды сіңдіруді қамтиды. Ұсынылған материалды өңдеу технологиясының оның физикалық-механикалық қасиеттеріне әсеріне эксперименттік бағалау жүргізілген.
Монография «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша бакалавриатта, магистратурада және докторантурада білім алушыларға, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына, сондай-ақ құрылыс кәсіпорындарының инженерлеріне, ғылыми және техникалық қызметкерлеріне пайдалы болады.
Монографияның толық мәтінді электрондық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://drive.google.com/file/d/1oP0j_LPV9F8ROjLSBXyIYyV6wUubX9_0/view?usp=sharing
Монографияның баспа нұсқасын «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ кітапханасында оқуға болады.