Монографияның шығу деректері:
Кунаев В.А., Кадыров А.С. Современные технологии и материалы из промышленных отходов в дорожном строительстве. Теміртау: Қарағанды индустриялық университеті, 2024. - 195 б. ISBN 978-601-364-026-6.
Монографияның аннотациясы (қысқаша сипаттамасы):
Монографияда өнеркәсіптік қалдықтардан сапалы жол-құрылыс материалдарын алуға арналған жаңа технологиялар мен жабдықтарды әзірлеуге бағытталған зерттеулер жинақталған. Домендік қождан алынған әртүрлі кеуектіліктегі жол-құрылыс қиыршықтасының физикалық-механикалық сипаттамаларын оның түйірлерін беріктігі бойынша алдын ала байыту, кеуектерін толтыру және су өткізбейтін құраммен сіңдіру арқылы жақсарту мүмкіндігі қарастырылған. Ұсынылған материалды өңдеу әдісінің оның физикалық-механикалық қасиеттеріне әсері бағаланған.
Монография «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша бакалавриатта, магистратурада және докторантурада білім алушыларға, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына, сондай-ақ құрылыс кәсіпорындарының инженерлеріне, ғылыми және техникалық қызметкерлеріне пайдалы болады.
Монографияның 1, 3, 4 және 5-тараулары Кунаев В.А.-ға, 2-тарауы Кадыров А.С.-ға тиесілі.
Монографияның толық мәтінді электрондық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://drive.google.com/file/d/18_Y9N8rU2HPPQIKv3vdKuaCn9rfNfVZX/view?usp=sharing
Монографияның баспа нұсқасын «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ кітапханасында оқуға болады.