Тұрақты даму мүддесіндегі іске асыру құралдарын нығайту және Жаһандық серіктестік аясындағы жұмысты жандандыру
Университет тұрақты даму саласында білім, тәжірибе және озық практикалармен алмасуға септігін тигізе отырып, ұлттық және халықаралық деңгейлерде серіктестік қатынастарды белсенді дамытады. Университет қызметінде басқа университеттермен, ғылыми ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және бизнес-серіктестермен бірлескен білім беру, ғылыми және жобалық бастамалар іске асырылады. Университет халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады, сыртқы ресурстар мен сараптамаларды тартады, академиялық ұтқырлық пен желілік өзара іс-қимылды қолдайды, осылайша институционалдық мүмкіндіктерді нығайтып, жаһандық және өңірлік деңгейлерде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.