Білімі, кәсіби біліктілігі:
2003 ж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің күндізгі бөлімінде «Тарих» мамандығы бойынша оқып, «Тарихшы, тарих оқытушысы» біліктілігі берілді.
2003-2005 жж. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің күндізгі бөлімінде 52.03.50. «Тарих» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Алған білімі бойынша магистрлік диссертация жұмысын қорғап, тарих ғылымының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Академиялық тәжрибесі:
2005-2013 жж. – Теміртау политехникалық колледжінде тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы.
2013-2016 жж. – Қазақ технология және бизнес университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.
2016 жылдан ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.
Оқытатын пәндері:
Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, құқық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті.
Куәліктері мен кәсіби тіркеулері:
2014 ж. – «Білім беру мекемелерінде инновациялық технологияларды қолдану» курсына қатысушы сертификаты; (Астана қаласының оқыту және даму орталығы)
2015 ж. – «Жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың оқу-әдістемесі» (Назарбаев-университет, Астана қ.)
2016 ж. – «Инновациялық оқыту әдістері арқылы жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру» (ҚР БжҒМ АТУ БКИ, Алматы қ.)
2016 ж. – «Жазғы философия мектебі» тыңдаушысының сертификаты (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, философия кафедрасы)
2016 ж. – «Европалық одақ-іргелі негізі, саясат және әлемнің даму мәселелері»(Қазақ технология және бизнес университеті)
2017 ж. ағылшын тілі курсының тыңдаушысы сертификаты (Базалық деңгей. Теміртау қаласының тілдер дамыту орталығы)
Марапаттары мен сыйақылары:
2008 ж. – ТПТК директорының алғыс хаты;
2014 ж. – ҚазТБУ президент-ректорының алғыс хаты;
2015 ж. ҚазТБУ президент-ректорының алғыс хаты;
2015 ж. – Астана қаласының Мемлекеттік жастар саясатын қолдау қорының алғыс хаты.