ТДМ 7. Қол жетімді және таза энергия

Баршаның арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету

Университет энергия тиімділігін арттыру және тұрақты энергия көздерін пайдалану бойынша шараларды дәйекті түрде енгізіп келеді. Оқу және әкімшілік үй-жайларда энергия үнемдейтін жарықтандыру құралдары қолданылады, бұл электр энергиясын тұтынуды азайтуға және пайдалану шығындарын қысқартуға септігін тигізеді.
Жаңартылатын энергетиканы дамыту аясында университет аумағында бір компьютерлік сыныпты электр энергиясымен қамтамасыз ететін күн батареялары орнатылған, бұл таза энергияны пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға және университет қоғамдастығының экологиялық хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

Сұрақ қою

KZ EN RU