ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар

Тұрақты даму мүддесінде бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барша үшін сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және кең қатысуға негізделген мекемелер құру

Университет өз қызметін заңдылық, ашықтық, есептілік және академиялық адалдық қағидаттарында құрып, ашық әрі сенімді білім беру ортасын қалыптастырады. Университетте білім алушылар мен қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін өтініштерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарау тетіктері жұмыс істейді.
Университет сыбайлас жемқорлыққа, кемсітушілікке және қудалаудың кез келген нысандарына «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстанады, диалог мәдениетін, өзара сыйластықты және университет қоғамдастығының басқару процестеріне қатысуын қолдайды. Бұл қағидаттарды іске асыру тұрақты институттардың қалыптасуына, әлеуметтік жауапкершіліктің нығаюына және азаматтық сананың дамуына ықпал етеді.
Этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, бұзушылықтардың алдын алу және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында университетте комплаенс-офицер және омбудсмен институттары жұмыс істейді. Білім алушылар мен қызметкерлер кеңес алу, өтініштерді қарау және жанжалды жағдайларды реттеу үшін осы институттарға жүгіне алады. Аталған институттардың қызметі университет басқаруындағы сенім, ашықтық және есептілік деңгейін арттыруға бағытталған.
Университет заң үстемдігін нығайтуға, әділеттілікті, сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамның құқықтық санасын арттыруға бағытталған «Заң және Тәртіп» республикалық тұжырымдамасында көрсетілген құқықтық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайту жөніндегі мемлекеттік тәсілдерді қолдайды және іске асырады.

Сұрақ қою

KZ EN RU