Не болады, не болмайды
Қазақстанда жасанды интеллектке қатысты мәселелер биыл
күшіне енген
жеке заңмен реттеледі. Бұл заң ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын белгілейді,
ал нейрожелілерді қолданудың нақты ережелерін академиялық адалдықты ескере отырып,
жоғары оқу орындарының өзі айқындайды.
«Дәреже беру қағидаларына диссертациялық зерттеулерде жасанды интеллектті қолдануға қатысты өзгерістер енгізілді.
Жасанды интеллектті
тек деректерді жинау және талдау үшін ғана пайдалануға рұқсат етіледі
, бұл докторанттарға ақпаратпен жылдам жұмыс істеуге көмектеседі.
Алайда диссертация дербес ғылыми жұмыс болып қалуы және ғылыми жаңалық, сенімділік,
практикалық маңыздылық пен академиялық адалдық талаптарына сай болуы тиіс»,
— деп хабарлады министрлік
Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына
берген жауабында.
Ведомствоның мәліметінше, жасанды интеллект қолданылған жағдайда да барлық ғылыми нәтижелерді,
қорытындылар мен ұсыныстарды автордың өзі тұжырымдайды.
ЖИ қолданғаны үшін жаза бар ма?
Жауапкершілік жасанды интеллектті қолданғаны үшін емес,
академиялық адалдықты бұзғаны үшін — жоғары оқу орындарының ішкі ережелеріне сәйкес туындайды.
ЖИ қолданғаны үшін біреудің жұмысы күшін жойды ма?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің атап өтуінше, Қазақстанда жасанды интеллект қолдануға байланысты күшін жойған жұмыстар бойынша бірыңғай ұлттық статистика жоқ. Мұндай шешімдерді жоғары оқу орындары ішкі рәсімдер аясында өздері қабылдайды. Бұл ретте жасанды интеллектті қолданудың өзі дипломдық немесе өзге де жұмысты автоматты түрде жарамсыз деп тануға негіз болмайды: бастысы — академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы.