Барлық мақалалар
EdTech

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш болып ChatGPT Edu-ді білім беру саласына енгізуде

17.02.2026 83
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш болып ChatGPT Edu-ді білім беру саласына енгізуде

Қатысушы елдердің алғашқы толқынына Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия және Қазақстан кірді.

Қазақстанның бастамаға қосылуы ұлттық білім беру жүйесіне ChatGPT Edu енгізудің басталғанын білдіреді. Қазақстан бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды.

Жоба 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның қорытындысы бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және Bilim Group арасында жасалды. Жоба жеке қаражат есебінен қаржыландырылады.

Енгізу аясында 165 000 лицензияны тегін беру қарастырылған:

100 000 — мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне;
62 800 — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлеріне;
2 200 — Astana Hub экожүйесінің қатысушыларына.

ChatGPT Edu оқу материалдарын, тапсырмалар мен тесттерді дайындауға, контентті бейімдеуге, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар жасауға арналған құралдарды ұсынады. Бағалау шешімдері оқытушының құзыретінде қалады.

2026 жылғы қаңтардан бастап OpenAI мамандарымен бірлесіп пайдаланушыларға арналған тұрақты оқыту ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдары үшін ҚР заңнамасының ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау талаптарына сәйкес қорғалған жұмыс кеңістігі қарастырылған.


Дереккөз: Inform.kz — Қазақстан ОА елдері арасында алғаш болып ChatGPT Edu-ді білім беру саласына енгізуде

Бөлісу:
KZ EN RU