Технологиялық машиналар және көлік кафедрасы

Бестембек Ербол Серікұлы
Кафедра меңгерушісі

Бестембек Ербол Серікұлы

Кафедра меңгерушісі

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қабылдау кестесі

Дүйсенбі, Бейсенбі: 15.00 – 17.00, каб. Ж-106, Ж-108

Жалпы ақпарат

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының машина жасау, металлургия, көлік және жол-құрылыс өнеркәсібі салалары үшін мамандар даярлайды.

Кафедра технологиялық машиналар, көлік-технологиялық жүйелер, өнеркәсіптік жабдықтар, цифрлық инжиниринг және автомобиль жасау бағыттары бойынша білім беру, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырады.

Кадрларды даярлау бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Білім алушылар өңірдің өндірістік кәсіпорындары базасында оқу, өндірістік және дипломалды практикалардан өтеді. Кафедра өңірдің жетекші кәсіпорындарымен, оның ішінде Qarmet және QazTehna компанияларымен ынтымақтастық орнатқан.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны – 12 адам, оның ішінде:
- 8 оқытушының ғылыми дәрежесі бар;
- 10 оқытушының Хирш индексі ≥ 1;
- кафедра құрамында техника ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, қауымдастырылған профессорлар (доценттер) және аға оқытушылар жұмыс істейді.

2024 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Бестембек Ербол Серікұлы.

Кафедра тарихы

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының тарихы Қазақ КСР-інің өнеркәсіптік әлеуеті қалыптасқан кезеңнен бастау алады және Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия комбинатының (қазіргі «Qarmet» АҚ) даму тарихымен етене байланысты.

1963 жыл. Комбинатты кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды металлургия комбинаты жанынан Зауыт-ЖТОО (қазіргі «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ) құрылды.

1966 жыл. Комбинаттың өнеркәсіптік құрылысы мен инфрақұрылымында қолданылатын техника мен жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету бойынша мамандар даярлау мақсатында Зауыт-ЖТОО құрылымында «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы ашылды. Кейіннен кафедра «Өндірістік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» кафедрасы болып қайта құрылды.

1975 жыл. «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасы құрылды, кейіннен ол «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» деп аталды. Осы жылы кафедраны алғашқы 16 инженер-механик түлек бітіріп шықты. Әр жылдары кафедраны келесі тұлғалар басқарды:
▪ 1975–1978 жж. т.ғ.к. Кривобоков Владимир Николаевич
▪ 1978 ж. доцент Бурдов Алексей Иванович
▪ 1978–1983 жж. т.ғ.к. Илькун Владимир Иванович
▪ 1983–1996 жж. т.ғ.к. Атаманов Виктор Федорович
▪ 1996–1998 жж. т.ғ.д. Ичев Борис Рускович

1998 жыл. «Құрылыс және жол машиналары» және «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедраларының негізінде «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы құрылды. Әр жылдары кафедраны келесі тұлғалар басқарды:
▪ 1998–2000 жж. т.ғ.к. Киманов Болат Мажитович
▪ 2000–2001 жж. т.ғ.к. Илькун Владимир Иванович
▪ 2001–2005 жж. т.ғ.к. Кузнецов Борис Сергеевич
▪ 2005–2006 жж. т.ғ.к. Изместьева Ольга Алексеевна
▪ 2006–2024 жж. т.ғ.к. Ногаев Кайрош Абилович

2008 жыл. Дайындық бағыттарының кеңейтілуіне орай кафедра атауы «Технологиялық машиналар және көлік» болып өзгертілді.

2024 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Бестембек Ербол Серікұлы атқарады.

Оқу-әдістемелік қызмет

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуге, білім алушыларды даярлау сапасын арттыруға және Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, сондай-ақ университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес оқу-әдістемелік құжаттаманы тұрақты жетілдіруге бағытталған.

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметінің негізгі бағыттары:
1. Оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және жаңарту:
- негізгі білім беру бағдарламалары мен кредиттік оқыту технологиясына сәйкес пәндердің жұмыс бағдарламаларын (силлабустарды) әзірлеу;
- оқу жоспарларының, кәсіптік практика бағдарламаларының, әдістемелік нұсқаулардың, тесттік және есептік-графикалық материалдардың мазмұнын жаңарту;
- пәндердің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) әзірлеу, жүйелеу және жүргізу.
2. Оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу:
- сабақтар мен практикалардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын әзірлеу;
- зертханалық жұмыстар мен практикалық тапсырмаларды қалыптастыру;
- білім алушылардың өзіндік жұмысына (БӨЖ) арналған әдістемелік ұсынымдар дайындау;
- интерактивті және цифрлық құралдарды қоса алғанда, оқытудың заманауи әдістері, нысандары мен технологияларын енгізу.
3. Оқытушылық қызметті жетілдіру:
- өзара сабаққа қатысу, ашық және көрсетілімдік сабақтар ұйымдастыру және өткізу;
- профессорлық-оқытушылық құрамның әдістемелік семинарларға, вебинарларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысуы;
- оқытудың тиімділігі мен білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау.
4. Оқу-әдістемелік материалдарды басып шығару:
- оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар дайындау және жариялау;
- университетішілік және сыртқы ғылыми-әдістемелік комиссияларда оқу-әдістемелік материалдарды сараптау және рецензиялауға қатысу.
5. Инновацияларды енгізу:
- оқу процесіне заманауи білім беру технологиялары мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ықпалдастыру;
- қашықтықтан оқыту нысандарын дамыту және Moodle платформасын немесе басқа да электрондық оқыту құралдарын пайдалану.

Кафедраның оқу-әдістемелік қызметі кафедра басшылығы мен университеттің оқу-әдістемелік кеңесі бекітетін жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады. Жоспарға оқу құжаттамасын әзірлеу және сүйемелдеу, әдістемелік материалдарды басып шығару және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру бойынша негізгі іс-шаралар енгізіледі.

Ғылыми қызмет

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының ғылыми қызметі технологиялық машиналар, өнеркәсіптік жабдықтар және көліктік-технологиялық жүйелер саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыптары кафедраның білім беру бағдарламаларының мазмұнына кіріктірілген және технологиялық машиналарды, көліктік-технологиялық жүйелерді, жаңа конструкциялық материалдарды әзірлеу мен жетілдіру, ресурс үнемдеуші және экологиялық бағытталған технологиялар мәселелерін қамтиды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу процесіне, дипломдық және диссертациялық жобалауға белсенді түрде енгізіледі.

Кафедрада 12 оқытушы жұмыс істейді, олардың 8-і ғылыми дәрежеге ие, бұл профессор-оқытушылар құрамының жалпы санының 67%-ын құрайды. 10 оқытушының Хирш индексі ≥1 (83%), бұл ғылыми еңбектердің жарияланымдық белсенділігі мен дәйексөзделу деңгейін растайды.

Ғылым мен жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін кафедра оқытушылары мемлекеттік наградалармен және атақтармен марапатталған:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:
- т.ғ.к., доцент Ногаев К.А. (2023 ж.);
- т.ғ.к., доцент Романов В.И. (2024 ж.);
- PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Кунаев В.А. (2024 ж.).
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы:
- т.ғ.к., доцент Ашкеев Ж.А. (2021 ж.);
- PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Кунаев В.А. (2024 ж.).
3. Ғалымдарға арналған Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары:
- т.ғ.к., доцент Ногаев К.А. (2022 ж.) – Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., «МБжҚИ» ҰЗТУ қарасты «Ультраұсақ түйіршікті металл материалдары» зертханасында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелетін, жоғары импакт-факторы бар шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жүйелі түрде жариялайды, сондай-ақ монографиялар, патенттер және әртүрлі деңгейдегі, оның ішінде халықаралық конференциялар материалдарын шығарады. Мәселен, 2020–2025 жылдар аралығында кафедра ғалымдары Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін басылымдарда 30-дан астам ғылыми еңбек жариялады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің диссертациялық кеңестерінің жұмысына белсенді қатысады. Кафедра доценті, т.ғ.к. Ногаев К.А. және аға оқытушы, PhD Абишкенов М.Ж. докторантураның 8D07101 – «Инженериядағы нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша қолданыстағы Диссертациялық кеңестің тиісінше төрағасы және ғалым хатшысы болып табылады (Басқарма Төрағасы – Ректордың 23.04.2025 ж. №05.1.01-01/42 бұйрығы).

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысады. 2022–2025 жылдары 4 жоба іске асырылып, сәтті аяқталды; 1 жоба қазіргі уақытта жүзеге асырылуда (тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті):
1. 2022–2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы гранттық жоба: ИРН AP14972831 «Металл карбидтерімен және кремний өндірісінің қалдықтарымен армирленген тәжірибелік алюминий матрицалы композиттердің құрылымы мен қасиеттерін зерттеу». Жоба жетекшісі – PhD, аға оқытушы Абишкенов М.Ж. Қаржыландыру көлемі – 15 860 392,0 теңге. Жоба 2024 ж. сәтті аяқталды.
2. 2022–2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы гранттық жоба: ИРН AP15473081 «Домна өндірісінің қалдықтары негізінде жол-құрылыс материалдарын өндірудің кешенді технологиясын әзірлеу». Жоба жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Кунаев В.А. Қаржыландыру көлемі – 18 941 188,0 теңге. Жоба 2024 ж. сәтті аяқталды.
3. 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы гранттық жоба: ИРН AP19677907 «Микро/нано бөлшектердің, өнеркәсіптік қалдықтардың және ығысу әсерінің машина жасауға арналған металл дайындамалардың сапасына ықпалын зерттеу». Жоба жетекшісі – PhD, аға оқытушы Абишкенов М.Ж. Қаржыландыру көлемі – 73 166 380,00 теңге. Жоба 2025 ж. сәтті аяқталды.
4. 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы гранттық жоба: ИРН AP19674502 «Калибрленген біліктерде илемдеу кезінде қарқынды ығысу деформацияларын жүзеге асырудың технологиялық тәсілін әзірлеу және зерттеу». Жоба жетекшісі – т.ғ.к., доцент Ногаев К.А. Қаржыландыру көлемі – 70 850 187,50 теңге. Жоба 2025 ж. сәтті аяқталды.
5. 2024–2026 жылдарға арналған жас ғалымдарды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы гранттық жоба: ИРН AP22786668 «Металлургиялық және кремний өндірісі қалдықтары негізінде жақсартылған физика-механикалық сипаттамалары бар тұрақты асфальтобетон алудың ғылыми негіздері». Жоба жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Кунаев В.А. Қаржыландыру көлемі – 88 612 516,00 теңге. Жоба қазіргі уақытта жүзеге асырылуда.

Материалдық-техникалық база

Кафедра қолданыстағы санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарына сәйкес көзделген теориялық және практикалық даярлықтың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді орындауды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаға (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, аспаптық жабдықтар, қор материалдары) ие.

Кафедрада 4 оқу зертханасы, 2 ғылыми-зерттеу зертханасы және 1 оқу орталығы жұмыс істейді:
1. «Көліктік-технологиялық машиналар» оқу зертханасы (Н-003 ауд.)
Құрылған жылы: 2005
Қолданылуы: жүк көтергіш-көліктік, ұсақтау-сұрыптау және басқа да технологиялық машиналардың жұмыс процестерін зерттеу.
Негізгі қоры: көпірлі кран; жақты ұсатқыш; инерциялық конусты ұсатқыш; электрвибрациялық қоректендіргіш; елеуіш; спиральды классификатор; консольді кран; таспалы конвейер.
2. «Көлік техникасы» оқу зертханасы (Н-002 ауд.)
Құрылған жылы: 2005
Қолданылуы: көлік техникасының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін зерттеу.
Негізгі қоры: көлік техникасы және автомобиль агрегаттары стенді; инжекторлы қозғалтқыштың отын жүйесінің стенді.
3. «Машина бөлшектері мен тораптары» оқу зертханасы (Н-006 ауд.)
Құрылған жылы: 2005
Қолданылуы: машиналар мен механизмдер элементтерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін зерттеу.
Негізгі қоры: машиналардың типтік бөлшектері мен тораптарының макеттері.
4. «Техника және технологиядағы цифрлық инжиниринг» оқу орталығы (Н-110 ауд.)
Құрылған жылы: 2023
Қолданылуы: аддитивті технологиялардың негіздерін, цифрлық жобалауды, 3D-модельдеуді, AI-генераторларды және реверс-инжинирингті зерделеу; цифрлық машина жасау және инженерлік талдау саласында мамандар даярлау.
Негізгі қоры: PRISM Special және Creality Ender-3 V3 KE 3D-принтерлері; Shining 3D Einscan Pro 3D-сканері; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютерлер; интерактивті сенсорлық тақта.
5. «Технологиялық процестер және функционалдық материалдар» ғылыми-зерттеу зертханасы (І-126 ауд.)
Құрылған жылы: 2024
Қолданылуы: функционалдық материалдарды алу және өңдеу технологиялық процестері саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу.
Негізгі қоры: JC-S-220-4 балқыту пеші; JH-LRT30 ультрадыбыстық жүйесі; CS350 потенциостаты/гальваностаты; MH-300A электрондық денситометрі; MP-2B тегістеу-жылтырату станогы; HVT-1000A микрокаттылық өлшегіші; STALEX HP-200 едендік электргидравликалық прессі; WDW-100kN сынау машинасы; Q-100B металлографиялық автоматты кесу станогы; маятникті копер.
6. «Жол-құрылыс материалдарын жобалау және сынау» ғылыми-зерттеу зертханасы (Н-007 ауд.)
Құрылған жылы: 2024
Қолданылуы: өндірістік қалдықтар негізіндегі тұрақты жол-құрылыс материалдары мен асфальтобетонды зерттеу, олардың физика-механикалық сынақтарын жүргізу және жол құрылысына ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу.
Негізгі қоры: ИП-1А-500 АБ ПК «Универсал» асфальтобетон үлгілерін сынау машинасы; қиыршықтастың тозуға төзімділігін анықтауға арналған КП-123Р барабаны; ШС-80-01 СПУ кептіру шкафы; тот баспайтын болаттан жасалған ВУ-976 А вакуумдық қондырғысы; ТС-100 термостаты; үлгілерді капиллярлық сумен қанықтыру құрылғысы; Маршалл автоматты тығыздағышы АУМ-У.
7. QazTehna зауытының мамандандырылған оқу зертханасы (Н-113 ауд.)
Құрылған жылы: 2024
Қолданылуы: автомобиль техникасын өндіру мен құрастырудың жаңа технологиялық процестерін зерттеу.
Негізгі қоры: СББ-мен лазерлік-гравирлеуіш станок; СББ-мен фрезерлік-гравирлеуіш станок; токарлық-фрезерлік станок.

Тәжірибе базалары мен серіктестер

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасы өнеркәсіптік кәсіпорындармен және бейінді ұйымдармен тұрақты байланыстарды дамытуға басымдық береді. Ынтымақтастық оқу және өндірістік практикалардан өтуге, курстық және дипломдық жобаларды орындауға, түлектерді жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды іске асыруға арналған заманауи материалдық-техникалық және ақпараттық базаны қалыптастыруға бағытталған.

 

Кафедраның негізгі тәжірибе базалары мен серіктестері:

1. «Qarmet» АҚ

Сайт: https://qarmet.kz/

Мекенжайы: Теміртау қ., Республика даңғылы 1

2. «QazTehna» ЖШС

Сайт: https://qaztehna.kz/

Мекенжайы: Саран қ., 046-есептік орам, 329-ғимарат

3. «Eurasian Machinery» ЖШС

Сайт: https://www.eurasianmachinery.kz/

Мекенжайы: Қарағанды қ., Саран тас жолы көшесі 123

4. «Борусан Макина Казақстан» шетелдік кәсіпорны ЖШС

Сайт: https://www.borusancat.kz/ru

Мекенжайы: Қарағанды қ., 089-есептік орам, 503-ғимарат

5. «Имсталькон-Теміртау» ЖШС

Сайт: https://imstalcon.com/

Мекенжайы: Теміртау қ., Мира даңғылы 1А

6. «Гордорсервис – Т» ЖШС

Мекенжайы: Теміртау қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы 45/2

7. «Инкар-1» ЖШС

Сайт: https://inkar-1.kz/

Мекенжайы: Теміртау қ., Мичурин көшесі, 32Е ғимарат

8. «АвтоТехЦентр-Азия» ЖШС

Сайт: https://atc-a.kz/

Мекенжайы: Теміртау қ., Мичурин көшесі 36

9. «Құрылысмет» ЖШС

Мекенжайы: Теміртау қ., Блюхер көшесі 13

10. «Карцемент» АҚ

Сайт: https://karcement.kz/

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Ақтау кенті, 114-есептік орам, 45-ғимарат

11. «Central Asia Cement» АҚ

Сайт: https://cac.kz/

Мекенжайы: Қарағанды облысы, Ақтау кенті, 114-есептік орам, 46-ғимарат

 

QazTehna компаниясының корпоративтік университеті мен кафедраның бірлескен жұмысының нәтижесінде 6В07119 – «Автомобиль жасау» бакалавриат білім беру бағдарламасы ашылды. Стратегиялық серіктестік аясында 2024 жылы кафедра базасында автомобиль техникасы мен инженериясы саласында мамандар даярлауға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған QazTehna зауытының мамандандырылған зертханасы ашылды.

Оқытушылар

Бестембек Ербол Серікұлы

Бестембек Ербол Серікұлы

Кафедра меңгерушісі

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мулдагалиев Зора Абуович

Мулдагалиев Зора Абуович

Профессор

Техника ғылымдарының кандидаты

АШКЕЕВ ЖАСУЛАН АМАНЖОЛОВИЧ

АШКЕЕВ ЖАСУЛАН АМАНЖОЛОВИЧ

Доцент

Техника ғылымдарының кандидаты

Романов Виктор Иванович

Романов Виктор Иванович

доцент

Техника ғылымдарының кандидаты

Ногаев Кайрош Абилович

Ногаев Кайрош Абилович

Кафедра доценті

Техника ғылымдарының кандидаты

Толукпаев Бакытбек Жакпарович

Толукпаев Бакытбек Жакпарович

Аға оқытушы

Техника ғылымдарының кандидаты

Исабекова  Гулнар Джумадулаевна

Исабекова Гулнар Джумадулаевна

Аға оқытушы

Азимбаев Куатхан Алибекович

Азимбаев Куатхан Алибекович

Аға оқытушы

Абишкенов Максат Жарылгасынович

Абишкенов Максат Жарылгасынович

Aға оқытушы

PhD

Кунаев Вячеслав Александрович

Кунаев Вячеслав Александрович

Кафедра доценті

PhD

Уктаева Ляззат Идаятовна

Уктаева Ляззат Идаятовна

Аға оқытушы

Көлік, көлік техникасы және технологиялары магистрі

Кыдырбаева Салтанат Жайсанбековна

Кыдырбаева Салтанат Жайсанбековна

Аға оқытушы, хатшы

Техника ғылымдарының магистрі

Тавшанов Ильгар Сулейманович

Тавшанов Ильгар Сулейманович

Оқытушы

Техника ғылымдарының магистрі

Куанышбаев Адилжан Болатович

Куанышбаев Адилжан Болатович

Оқытушы

Техника ғылымдарының магистрі

Сұрақ қою

KZ EN RU