КARIU REPRESENTATIVES TOOK PART IN THE «LAST CALLS»

2024 жылғы 25 мамырда Қарағанды индустриялық университетінің өкілдері Теміртау қаласы мектептерінің соңғы қоңырауына қатысты және ҚарИУ ректоры Жаутиков Бахыт Ахатовичтің атынан директорларды, мұғалімдерді, түлектерді және олардың ата-аналарын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Мектеп түлектеріне ҰБТ-ны сәтті тапсырып, өздері таңдаған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түсулері тіленді. Теміртау қаласы мектептері мұғалімдерінің ұжымына оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша бірлескен және жемісті жұмысы үшін ҚарИУ басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді. Әр түлекке ҚарИУ туралы ақпараттық материалдар берілді.