Aitkenov Nurbek Bolatovich

Айткенов Нұрбек Болатұлы – PhD, «Металлургия және материалтану» кафедрасының доценті.

Білімі

2018-2021 Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, 6D070900 – «Металлургия», философия докторы (PhD);

2014-2017 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 5В070900 – «Металлургия», техника және технология бакалавры;

2007-2009 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 6N0608 – «Экология», магистрі.

2001-2005 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, экология бакалавры;

Еңбек жолы

10.2005-10.2007 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Құю өндірісі машиналары мен қонструкциялық материалдар» кафедрасының лаборанты;

09.2009-2010 «Металлургия және нанотехнология»  кафедрасының оқытушысы;

11.2010-09.2018 «Металлургия және нанотехнологиялар»  кафедрасының Аға оқытушысы;

09.2018-09.2022 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы;

09.2022-09.2024 – «Металлургия және материалтану» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-педагогикалық өтілі 16 жыл. 40-дан астам ғылыми мақалалардың авторы (оның ішінде 20 оқулық, 25 оқу басылымы және 3 авторлық куәлік және Қазақстан Республикасының патенттері)

Марапаттар мен алғыс

- 2022 ж.- ҚарИУ ректорының Қазақстандық ғылымды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс хаты;

- 2022 ж. - Торайғыров университетінің ректоры «Металлурги»я  мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсеткен студенттерді дайындағаны үшін алғыс хаты.

- 2022 ж. - КарИУ ректорының Республика күні мерейтойы қарсаңында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және адал еңбегі үшін Құрмет грамотасы.

- 2024 ж. – «Металлургия» мамандығы бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушы дайындағаны үшін алғыс хат.

Оқитын пәндер

««Магниттік, электрлік және арнайы байыту әдістері»» қазақ, орыс тілінде.

«Шикізатты ұсақтау, ұнтақтау және байытуға дайындау» қазақ, орыс тілінде.

«Гравитациялық байыту әдістері» қазақ, орыс тілінде.

«Кен дайындау және байыту»  қазақ, орыс тілінде.

«Түсті металл кендерін кешенді өңдеу» қазақ, орыс тілінде.