Құмар Асқар Қанатұлы

Білімі, кәсіби біліктілігі:

1999-2004 жж. — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің күндізгі бөлімінде «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқу (үздік диплом), «Тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі» біліктілігі

2004-2006 жж. — Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 6N0114 «Тарих» мамандығы бойынша магистратурада оқу (үздік диплом), «Тарих магистрі» дәрежесі

2018-2021 жж. — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторантурасында 6D020300 «Тарих»мамандығы бойынша оқу

 

Академиялық тәжірибе:

2004-2011 жж. — «Семей қаласының Бизнес колледжі» КМҚК әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы (қосымша)

2005-2007 жж. – «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» РМҚК студенттік газетінің редакторы, баспасөз хатшысы

2010-2016 жж. – «Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» РМК Тарих және құқық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, баспасөз хатшысы

2016-2018 жж. — «Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» РМК Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы

2020-2022 жж. — «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК директорының орынбасары

2021-2022 жж. — «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Alikhan Bokeikhan University» Тарих кафедрасының оқытушысы (қосымша)

2022 — бүгінге дейін — «Қарағанды индустриалды университеті» КеАҚ Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы

 

Оқытылатын пәндер:

Қазақстан тарихы, Әлеуметтану және саясаттану

 

Куәліктер немесе кәсіби тіркеу:

2013-2014 ж.ж. — ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері сертификаты. «1.47 Т Тарих» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдама бағдарламасы («Necmettin Erbakan University») Кония қ., Түркия Республикасы

2013-2016 ж.ж. — «World Federation of Kazakh kures» мүшесі (Дүниежүзілік қазақ күрес федерациясы)

2013 ж. — Қазақ күресінен IV Әлем чемпионатына қатысушының сертификаты. Минск қ., Беларус Республикасы  

2013 ж. — Қоғам қайраткері Хасан Оралтайды еске алуға арналған ғылыми форумына қатысушының TURKSOY сертификаты. Анкара қ., Түркия Республикасы

2014 ж. — «Ist World Nomad Games» (Дүниежүзілік көшпелілер ойындары) төрешілік сертификаты. Шолпан-Ата қ., Қырғыз Республикасы

2014 ж. — Қазақ күресінен V Әлем чемпионатына қатысушы сертификаты. Орынбор қ., Ресей Федерациясы

2016 ж. — «Bogazici University» (Босфор университеті) ғылыми тағылымдамадан және мұрағаттық практикадан өткені туралы сертификат. Ыстамбұл қ., Түркия Республикасы

2014 ж. — Қазақ күресінен VI Әлем чемпионатына қатысушы сертификаты. Джаосу қ., Қытай Халық Республикасы

2019 ж. — «Ege University» (Эге университеті) ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат. Измир қ., Түркия Республикасы

2022 ж. — Авторлық құқық туралы куәлік (kazpatent.kz – ғылыми туынды авторы)

2023 ж. — Біліктілікті арттыру курсының сертификаты (KazNU). Алматы қ.   

 

Марапаттар, сыйлықтар:

2007 ж. — Семей қаласы әкімінің Алғыс хаты

2014 ж. — ІІІ-ші дәрежелі Диплом, қазақ күресінен V Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, Орынбор қ.)

2015 ж. — ҚР Президентінің Алғыс хаты

2015 ж. — «ҚР спорт шебері» атағы

2020 ж. — «Халық алғысы» медалі (ҚР Президентінің 24.09.2020 Жарлығы)

2023 ж. — ІІІ-ші дәрежелі Диплом, Самбодан республикалық турнирдің қола жүлдегері. Орал қ.