Академиялық саясат жөніндегі департамент
Әдіскер
Қойылатын талап: Білімі жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес /немесе ғылыми немесе педагогикалық саладағы академиялық магистр дәрежесі болу керек
Құқықпен қамтамасыз ету бөлімі
Заң кеңесшісі
Қойылатын талап: Білімі жоғары кәсіптік (құқықтық), жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
Психологиялық қолдау бөлімі
Маман
Қойылатын талап: сәйкес мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім. Соңғы үш жылда осы салада (мамандық бойынша) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттік тілді білу қажет.
Бухгалтерия
1.Бас бухгалтер
Қойылатын талап: тиісті кадр даярлау саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қаржылық және бухгалтерлік жұмыс саласында, оның ішінде басшылық лауазымдарда соңғы 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі, кәсіби бухгалтер сертификаты.
- Есептеу бөлімінің бухгалтері
Қойылатын талап: білімі тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті білім беру мамандығы (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімді және бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Стратегия, интернационалдандыру, цифрландыру және киберқауіпсіздік департаменті
Веб-сайт әкімшісі
Қойылатын талап: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім және лауазымда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі. Мемлекеттік тілді жетік білу қажет.
Пайдалану және инфрақұрылымды дамыту департаменті
- Қойма меңгерушісі
Қойылатын талап: білімі орта кәсіптік (экономикалық) және қойма меңгерушісі лауазымындағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе орта (толық) жалпы білімді және қойма меңгерушісі лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
2 Тракторшы
- Сылақшы-бояушы
- Еден жуушы
- Ағаш ұстасы
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды
Байланыс мекенжайы:
Қарағанды облысы,
Теміртау қ.
Республика даңғ. 30
жаңа ғимарат №222 бөлме
HR бөлімі
Тел. 8 (7213) 91-02-40
e-mail: hr@tttu.edu.kz
