Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы қысқаша ақпарат

2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-дің 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды.

ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы болып табылады.

ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс 17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттерден және 242 индикатордан тұрады.

ТДМ үш компонентті біріктіру арқылы тұрақты дамуға жетуіне жәрдемдесуге тиіс: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Тұрақты дамудың үш компонентері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады

2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары:

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті кедейлікті жою.

2-мақсат. Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

3-мақсат. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету.

4-мақсат. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету

5-мақсат. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

6-мақсат. Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

7-мақсат. Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, берік және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

9-мақсат. Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олар арасындағы теңсіздікті қысқарту

11-мақсат. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

12-мақсат. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету

13-мақсат. Климаттың өзгеруіне және оны салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану

14-мақсат. Мухиттерді, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.

15-мақсат. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату

16-мақсат. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.

17-мақсат. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

«Жасыл» энергетика бойынша есеп 2023

"Жасыл Академиямен" ынтымақтастық