КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

КАПАШЕВА
ЖАНИЯ КУДАЙБЕРГЕНОВНА

Кафедра меңгерушісі м.а.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі аға оқытушы


Телефон: +7(702) 813 33 79
E-mail: zh.kapasheva@tttu.edu.kz
Республика даңғылы, 30,
Жаңа корпус,
кабинет 409
Facebook, Instagram


Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысының негізгі басым бағыттары:

  • оқу процесін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • оқу процесінің әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз
  • етілуіне мониторинг жүргізу;
  • электрондық білім беру ресурстарын,виртуалдық зертханаларды әзірлеу және оқу
  • процесіне енгізу:
  • ішкі және сыртқы басылымдарда оқу-әдістемелік құралдар шығару;
  • кафедра оқытушылары әзірлейтін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу
  • құралдарын оқу-әдістемелік кешендерді сараптау;
  • кафедра оқытушыларының өзара сабақтарға қатысуы;
  • инновациялық білім беру технологияларын, формалары мен оқыту әдістерін
  • қолдану;
  • оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
  • ПОҚ біліктілігін арттыру.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы:

  • университеттің Даму бағдарламасына сәйкес;
  • университеттің Академиялық саясатына сәйкес;
  • Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде;
  • университет ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау ережесіне сәйкес
  • оқу бағдарламасын жасау және ресімдеу жөніндегі Ережеге сәйкес;
  • университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі жұмысы жоспарына сәйкес жүзеге
  • асырылады.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формалары:

  • ғылыми-әдістемелік конференциялар, әдістемелік семинарлар, тренингтер, шеберлік
  • сыныптары;
  • нұсқаулық-әдістемелік кеңестер;
  • әдістемелік апта;
  • сыртқы (серіктес ЖОО) сарапшылардың қатысуымен ашық сабақтар;
  • кафедра оқытушылары әзірлейтін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын сынақтан өткізу;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша өзіндік есептері.

2023-2024 оқу жылына кафедрада С индексті 2 оқу құралы (Жунусова А. К. «Металлургия мамандықтарының студенттеріне арналған Кәсіби бағытталған ағылшын тілі»; Танагузов Б.Т. «Анықталмаған, анықталған интегралдар және олардың қолданылуы»), ISBN берілген 7 оқу құралы (Танагузов Б. Т. «Математика-1»; «Математика-2»; Жунусова А.К. «Кәсіби бағытталған шет тілі»; Дружинина Н.В., Ахметгалина Н. С. «Шет тілі А2»; «Көлік және көлік машиналары мамандықтарына арналған кәсіби шет тілі»; Холодова Г. М. «Математика-1»; «Математика-2») жарық көрді, Авторлық куәлік берілген 1 электронды оқу құралы (Капашева Ж.К. «Қазақ тілі В1»), 7 онлайн курс (Капашева Ж. К. «Қазақ тілі В1»; Жунусова А. К., Шарипова Ю. Ф., Дружинина Н. В., Хамитова Ш. А., Мұқатай А. Б. «Шет тілі А1»; «Шет тілі А2»; Холодова Г.М. «Математика-1»; «Математика-2»), 2 виртуалды зертхана (Шаяхметова Г. А. « Физика 1»; «Физика 2»).