Білім беру бағдарламалары

 

НОГАЕВ
КАЙРОШ АБИЛОВИЧ

кафедра меңгерушісі
техника ғылымдарының кандидаты


Телефон: +7 (7213) 907 904 қос. 106 (каф.),
+7 (700) 410 91 76 (моб.)

E-mail: k.nogayev@tttu.edu.kz,
tmt@tttu.edu.kz

Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
жаңа корпус, 106, 108
кабинет
Facebook, Instagram


БАКАЛАВРИАТ

6В07107 «Өндірістің технологиялық жабдықтары»

Білім беру мақсаты - Өндірістің технологиялық жабдықтары саласында әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған құзіреттіліктерге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған бакалаврларды дайындау.

6В07107 «Өндірістің технологиялық жабдықтары» білім беру бағдарламасының оқу жоспарынадағы пәндер түлекке келесі іс-әрекеттер орындауға мүмкіндік береді:

  • кәсіптік мәселелердің негізгі түрлері бойынша инженерлік есептерді орындау;
  • саладағы технологиялық жабдықтарды өндіруге, жаңартуға, пайдалануға және жөндеуге қатысу;
  • заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жобалау және конструкторлау қызметін жүзеге асыру;
  • саланың технологиялық жабдықтарын жетілдіру бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу.

6В07110 «Көтеру-тасымалдаушы, құрылыс және жол машиналары»

Білім беру мақсаты - көтеру-тасымалдаушы, құрылыс және жол машиналары саласында әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған құзіреттіліктерге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған бакалаврларды дайындау.

6В07110 «Көтеру-тасымалдаушы, құрылыс және жол машиналары» білім беру бағдарламасының оқу жоспарынадағы пәндер түлекке келесі іс-әрекеттер орындауға мүмкіндік береді:

  • кәсіптік мәселелердің негізгі түрлері бойынша инженерлік есептерді орындау;
  • көтеру-тасымалдаушы, құрылыс және жол машиналарын өндіруге, жаңартуға, пайдалануға және жөндеуге қатысу;
  • заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жобалау және конструкторлау қызметін жүзеге асыру;
  • көтеру-тасымалдаушы, құрылыс және жол машиналарын жетілдіру бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу.

 

МАГИСТРАТУРА

7M07103 «Технологиялық жабдықтардың инжинирингі»

Білім беру мақсаты - Өндірістің технологиялық жабдықтары саласындағы инжинирингтік қызмет бойынша әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған, ғылыми-педагогикалық құзіреттіліктерге және тереңдетілген білімге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған магистрлерді дайындау.

Білім беру бағдарламасының мазмұны өнеркәсіптің барлық салаларында технологиялық машиналар мен жабдықтарды конструкторлау, жобалау, есептеу, өндіру, техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша терең құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және басқарушылық құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған. Оқыту жобалау, есептеу, математикалық, физикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи әдістері мен құралдарын пайдалануға негізделген.

7М07114 «Көліктік-технологиялық жүйелер инжинирингі»

Білім беру мақсаты - көліктік-технологиялық жүйелер саласындағы инжинирингтік қызмет бойынша әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған, ғылыми-педагогикалық құзіреттіліктерге және тереңдетілген білімге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған магистрлерді дайындау.

Білім беру бағдарламасының мазмұны көліктік-технологиялық жүйелердің машиналары мен жабдықтарын конструкторлау, жобалау, есептеу, өндіру, техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша терең құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және басқарушылық құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған. Оқыту жобалау, есептеу, математикалық, физикалық және компьютерлік модельдеудің заманауи әдістері мен құралдарын пайдалануға негізделген.

 

ДОКТОРАНТУРА

8D07102 «Технологиялық машиналардың инновациялық инжинирингі»

Білім беру мақсаты - Технологиялық машиналарды зерттеу, әзірлеу және пайдалану саласындағы инновациялық қызметке қабілетті ғалым-зерттеушіні дайындау

Білім беру бағдарламасының мазмұны ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдірумен қатар технологиялық машиналар саласындағы инжирингтік іс-әрекетті терең түсінуді дамытуға бағытталған.