Техника-экономикалық колледжі

 

 

ХАМИТОВ
САПАР БАГДАТОВИЧ

директоры
педагогика ғылымдарының магистры

Директор блогы

Телефон: +7 778 476 0363
E-mail: @tttu.edu.kz
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
А корпус,
кабинет 207
Facebook, Instagram


Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі
Сағаттары: 15.00 - 17.00


Техника-экономикалық колледжі «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімі болып табылады және өзінің қызметін үздіксіз колледж-ЖОО білім жүйесі бойынша жүзеге асырады.

ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылдың қыркүйек айынан бері техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік жалпыбілім стандарттарының негізінде жұмыс жасайтын заманауи, көш бастап келе жатқан колледж болып табылып қана қоймай, сонымен қатар, техникалық және кәсіби оқу орындарына негізделетін ең жоғарғы талаптарға сай.

Колледж мемлекеттік лицензияға сәйкес білім әрекетін 9 мамандық бойынша жүзеге асырады:

Соның ішінде 2 экономикалық мамандық:

  • 04130100 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер;
  • 04110100 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист-бухгалтер.

7 техникалық мамандық:

  • 07130400 «Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» – біліктілігі: техник-жылу технигі;
  • 07130700 «Электр және электромеханикалық жабдығын жөндеу және қызмет көрсету, техникалық пайдалану» – біліктілігі: электромеханик;
  • 07161300 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу мен пайдалану» – біліктілігі: техник-механик;
  • 07151300 «Қара металл металлургиясы» – біліктілігі: техник-металлург;
  • 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы»;
  • 07320100 «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»  – біліктілігі техник-құрылысшы;
  • 07151100 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» – біліктілігі: техник-механик.

«Біздің мамандарымыз – жарқын болашағымыздың кепілі!»

Колледжде білім беру 9-11 –сыныптар базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылып, күндізгі және сырттай білім беру үлгісі бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында студенттермен оқудан тыс жұмыстарға арналған барлық жағдай мен белгілі материалды-техникалық жағдай жасалған.

Студенттерге техникалық және кәсіптік білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған.

Колледж студенттері университеттің кітапхана, оқу залы, компьютер сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін қолданады.

Колледжді бітірген соң студенттер өз мамандықтары бойынша Қарағанды индустриялық университеті мен басқа да ЖОО-да қысқартылған оқу үлгісі бойынша оқуын жалғастыра алады – күндізгі және қашықтан оқу бөлімдрінде 2,5 жыл.

Колледжді бітіргеннен кейін студенттер өз мамандықтары бойынша Қарағанды Индустриялық университетіне және басқа да ЖОО-на қысқартылған оқу үлгісі бойынша – 2,5 жыл күндізгі және 3,5 жыл қашықтықтан оқу бөлімдеріне түсу мүмкіндігіне ие болады.