«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

16 наурызда «Жалпы білім беретін  пәндер» кафедрасының тілдер сеакциясының оқытушылары университет кітапханасының қызметкерлерімен бірлескен ақын-публицист Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты әдеби кеш өткізді.

Әдеби кешке ТФП-22к-1, ТФП-22к-6 және ПГС-22к тобының 1 курс студенттері қатысты.

Студенттер Мағжан Жұмабаевтың «Пайғамбар», «Мен кім?», «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін» сияқты танымал шығармаларын оқып, ақын шығармашылығы туралы деректі фильм көріп, Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайлы «Омбы губернаторының сарайында» атты көрініс көрсетті.

Мұндай іс-шаралар  жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, патриотизмді, әділеттілік сезімін дамытуға, әдебиетіміздің тарихы туралы сана көкжиегін  кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл кеш – Мағжан Жұмабаев пен оның шығармашылығына деген құрмет.