«ҚҰРЫЛЫС» ЖӘНЕ «КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ ЗОЯ САЛИХОВНА ГЕЛЬМАНОВА ДУБАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҒЫЛЫМ БОЙЫНША БІРІНШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қарағанды индустриялық университетінің ғалымының жетістігі халықаралық деңгейде мойындалды!

2023 жылдың 21 тамызында Дубайда өткен Ғылым бойынша Бірінші әлем чемпионатының қорытындысы шығарылды, Оған 69 елден 1236 қатысушы қатысты. Ғылымның 38 саласы бойынша жұмыстар ұсынылды. 360 ғалым марапатқа ие болды. Төрешілер арасында 30 астам Нобель сыйлығының лауреаттары болды. Елдер бойынша командалық сайыста: 1 орын – Қытай, 2 орын – АҚШ, 3 орын – БАӘ, 4 орын – Үндістан, 5 орын – Франция иеленді. РБМК командасы (Ресей&Беларусь) Германия командасына 11-орынды беріп, 12-орынға ие болды. 13 орын – Сингапур, 14 орын – Қазақстан, 15 орын – Польша, 16 орын – Өзбекстан, 17 орын – Швейцария, 18 орын – Әзірбайжан, 19 орын – Оңтүстік Африка Республикасы, 20 орын – Армения иеленді.

Ғылым бойынша Әлем чемпионаты жоғары оқу орнына халықаралық университет рейтингтеріне енуге және халықаралық ғылыми және білім кеңістігіне шығуға мүмкіндік беретін ғылыми іс-шаралардың бірі болып табылады.

Чемпионат The International Historical Biographical Institute (Dubai-New York – Rome – Burgas – Jerusalem – Beijing) (IHBI) базасында ғалымдар мен ғылыми-педагог қызметкерлер арасында: физиктер, математиктер, дәрігерлер, биологтар, химиктер, экономистер, филологтар, лингвистер, заңгерлер, тарихшылар, саясаттанушылар, халықаралық қатынастар мамандары, географтар, философтар, мемлекеттік басқару, техникалық, жаратылыстану және педагогикалық ғылымдар мамандары және т.б. өткізілді.

ҚарИУ атынан «Құрылыс» және «Кәсіпкерлік экономика» кафедраларының профессоры, э.ғ.к., Зоя Салиховна Гельманова «Металлургия өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік жүйесін басқару» тақырыбы бойынша өзінің жобасын ұсынды.

 

Автор Ғылым бойынша Бірінші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

 

Зоя Салиховнаны айтулы жеңісімен құттықтап, одан әрі табыс тілейміз!