2023-2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.

Гранттардың саны мен түрлері:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1300
  • тілдік курстар үшін (Қазақстан Республикасы азаматтарына) – 200
  • тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) – 50
  • Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

 

Құжаттар 2023 жылдың 11 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сайтында https://enic-kazakhstan.edu.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-1 қабылданады.

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға «Қарағанды ​​индустриялық университеті» КеАҚ-да 15 грант бөлінді.