Материалды-техникалық базасы

Экономикалық мамандықтар бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін бөлінген оқу алаңы санитарлық және өртке қарсы нормаларға, нормативтік көрсеткіштерге толық сәйкес келеді. Келтірілген контингенттің бір студентіне шаққанда пайдалы оқу алаңы 9,6 ш. м. құрайды.

Заманауи компьютерлермен және басқа да қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған екі компьютер сыныбы – 324 және 413 (жаңа корпус) бар. Студенттер дипломдық жобалауда қажетті есептерді орындайды. Кафедрада оқу практикасы жүргізіледі, оның барысында бірінші курс студенттері «Экономика» мамаңдығына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді оқып, қажетті тапсырмаларды орындайды.

Кафедраның мамандандырылған аудиториясы оқу үрдісіне қажетті көрнекі және иллюстрациялық материалдармен жабдықталған: интерактивті тақта, проектор (Н-325).

Оқу аудиториялары кафедраға бекітілген: Н-319, Н-321, Н-412, Н-414, Н-419.

«Сырттай оқу бұрышы», «Дипломның бұрышы» жабдықталған.