6В07702 - «Қара металдар металлургиясы»
Болашақ бакалаврлар қара металдарды өндіру мен өңдеудің негізгі технологияларын меңгереді. Оқу барысында олар домна пештерінде балқыту, оттекті-конвертерлік өндіріс пен электрдоғалық балқыту үдерістерін, болатты пештен тыс өңдеудің заманауи әдістерін, сондай-ақ құю параметрлерін технологиялық жобалаудың негіздерін оқып үйренеді.
Металлургиялық агрегаттарды, технологиялық желілер мен цехтарды жобалауға ерекше назар аударылады. Студенттер металлургиялық сараптама жүргізу және металл өнімдерінің сапасын бақылау принциптерімен танысады.
Түлектерге алған білімі металлургия және машина жасау кәсіпорындарында технолог, жобалаушы инженер, өндірістік үдерістерді басқару жөніндегі маман ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түлектер ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау және инжинирингтік ұйымдарда да сұранысқа ие.
ОҚУ ТҮРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ
4 жыл - жалпы орта білім базасында
2,5 жыл - техникалық және кәсіптік білім беру базасында
2,5 жыл - жоғары білім базасында
Сіз қандай маман боласыз?
- Қара металл өндіру және өңдеу кәсіпорындарында инженер-технолог;
- Металлургиялық агрегаттарды, цехтарды және зауыттарды жобалау жөніндегі инженер;
- Өнім сапасын бақылау жөніндегі маман;
- Металлургиялық сараптама маманы;
- Металлургия саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкері.
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮЛЕСІ – 93%
БЕЙІНДІК ПӘНДЕР:
Математика (min 5 балл)
Физика (min 5 балл)
ГРАНТТАР САНЫ:
2021 жыл – 1770
2022 жыл – 1652
ӨТУ БАЛЫ:
2021 жыл – 57
2022 жыл – 50
БАЙЛАНЫСТАР:
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ:
Facebook - https://clck.ru/UtBGF
Instagram - https://clck.ru/UtBH8
ВКонтакте - https://clck.ru/UtBHY
ҚарИУ-ға қалай жетуге болады
https://maps.app.goo.gl/WheVE78uPZZR93kd8
ҚР Теміртау қ., Республика даңғ., 30. Бас ғимарат, каб. 117, 119
Қазақстан, Қарағанды облысы
Теміртау қаласы
Республика даңғылы, 30
101400
Жұмыс тел.:
8 7213 91 42 34
8 7213 91-65-61
Ұялы тел.:
8-701-430-64-14
8-700-569-06-47
WhatsApp: 8-701-430-64-14