Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
14.02.2025 жылғы №1/25 хаттама, күндізгі
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы - «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім академиясының Президенті.
- Жаутиков Бахыт Ахатұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры.
- Быков Владимир Анатольевич - Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚР Жеке кәсіпкерлікті дамыту және жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Тәуелсіз директор (келісім бойынша).
- Зияшева Айжан Қанатқызы - Директорлар кеңесінің мүшесі, «Qarmet» АҚ оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің мәні бойынша жазбаша пікірді Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков ұсынды.
Қаралған мәселелер:
- 2024 жылғы шілде-желтоқсан аралығында қабылданған Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің комитеттерін оңтайландыру туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу туралы.
Шақырылғандар:
1.«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова М.Х.;
2.Комплаенс - офицер Салпенова Мадина Мейрамқызы