Директорлар кеңесі отырысы хаттамасының № және күні, отырыс нысаны
14.04.2025 жылғы №2 хаттама, күндізгі
Отырысқа қатысқан Директорлар кеңесінің мүшелері
- Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Ұлттық қосымша білім беру академиясының президенті.
- Жүсіпов Арман Нұртайұлы – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаменті құқықтық жұмыс басқармасының басшысы.
- Жаутиков Бахыт Ахатұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
- Быков Владимир Анатольевич – «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының директоры (келісім бойынша).
- Зияшева Айжан Қанатқызы – «Qarmet» АҚ-ның оқыту, дамыту және персоналды іріктеу жөніндегі директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелердің мәні бойынша жазбаша пікірді Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков ұсынды.
Қаралған мәселелер:
- Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша түзету шараларын орындау туралы.
- «ҚарИУ» КЕАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2024 жылғы қызметі туралы есепті қарау туралы.
- «ҚарИУ» КЕАҚ білім беру бағдарламалары бойынша 2025–2026 оқу жылына арналған оқу ақысын бекіту туралы.
- «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры мен Басқарма мүшелеріне 2025 жылға арналған мақсатты көрсеткіштері бар тиімділік карталарын бекіту туралы.
Шақырылғандар:
- «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Абенова М.Х.;
- Комплаенс - офицер Салпенова Мадина Мейрамқызы.
- Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сивякова Г. А.