«ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНЕСТІ ДАМУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ

«ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНЕСТІ ДАМУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ

 

12 сәуірде «Параграф» ақпараттық жүйесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру басқармасының басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет майоры спикер Мирас Қарғабаймен, комплаенс–офицерлер мен мүдделі тұлғалар үшін «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» тақырыбында тікелей эфир өтті.

 Келесі тақырыптар қозғалды:

  • Заңнамалық негіздері. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функциялары мен міндеттері.
  • Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді үйлестіру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыреттері. Үлгілік ереже және әдістемелік ұсынымдар.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметіне мониторинг және бағалау. Әдістемелік және құқықтық қолдау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс үшін кадрлар даярлау, комплаенс-офицерлердің біліктілігін арттыру.

Бұл эфирдің бейне жазбасын сілтеме арқылы көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=oDY17qlZnrA