«АБАЙДЫҢ КЕМЕЛ АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЙЫС ӨТТІ

 

«АБАЙДЫҢ КЕМЕЛ АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Қарағанды индустриялық университетінде 4 сәуір күні Ғылым апталығы аясында «Абайдың кемел адам философиясы» тақырыбында еркін ой-алаңы сайысы өтті.

Сайыс Абайдың толық адам, адамның кемелденуі сипатын ашуда жастардың көзқарасын қалыптастыру және  ұшқыр ой, өткір пікір, мағыналы пайымдауларды жеткізе білетін білім алушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және дене тәрбиесі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы тақырыпқа сай келетін негізгі тезистік пікірлерді алдын-ала сараптамадан өткізген болатын.

TedX форматына негізделген және сан түрлі пікірлер ортаға түскен сайысқа 10 спикер қатысып, әрқайсысына 7 минуттық регламент белгіленді. Осы уақыт ішінде спикерлер қысқа да, нұсқа өз ойларымен бөлісті. Кафедраның аға оқытушысы Асқар Құмар, университеттің баспасөз хатшысы Әділет Шопен, Төлеген Ақерке сияқты қазылар құрамы үшін үздіктерді анықтау қиынға соқты.

Нәтижесінде Абайдың кемел адам түсінігін, оның қоғамдағы орны мен әсерін ерекше талқыға салған, еркін ой-алаңының көркін қыздыра білген 2 курс студенті Узбекбаева Балкен 1-ші орынды иеленсе, екінші орынға лайықты деп қазылар  2 курс студенті Қалмырза Нұрсұлтанды таныды. Үздік үштікті 2 курс студенті Арынова Гүлнафис және Тлеубергенов Қаршыға қорытындылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Дипломдар мен сыйлықтар берілсе, барлық қатысушыларға Алғыс (Сертификат табыс етілді) білдірілді.


Просмотров: 935