ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

13-14 сәуір күндері Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізді.

Олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында Республикалық студенттік олимпиадалар аясында өткізілді.

Университетімізден олимпиадаға 2 команда «Фармацевтикалық өндірісінің технологиясы» оқу бағдарламасының  3 және 4 курс студенттері қатысты. Әр командада 4 адамнан болды.

Олимпиада екі турдан тұрды. Тестілеу түріндегі бірінші теориялық тур мамандықтың 3 пәні бойынша өтсе, үй тапсырмасының тұсаукесері түріндегі екінші турында қатысушылар мамандыққа сәйкес жобаларды қорғады.

КарИУ студенттері "Химиялық технология және экология" кафедрасының меңгерушісі х. ғ. к., доцент Кабиева С. К. және "Химиялық технология және экология" кафедрасының аға оқытушысы Жұманазарова Г. М. жетекшілігімен өздерінің ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

2 турдың қорытындысы бойынша ҚарИУ-дың 3 курс студенттерінен құралған команда Кабланова Дурдона, Кәсіпбек Меруерт, Ақерке Уәлиханқызы, Тұрсынхан Аяжан жүлделі 3-ші  орынға ие болды.

Жеке есепте 4 курс студенттері Төлеген Жанна мен Абдыназарова Фариза жүлбелі 3-ші орынға ие болды.

"Үздік практикалық жұмыс" номинациясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша х.ғ.к, доцент Кабиева С.К. жетекшілігімен 3 курс студенттері Кабланова Дурдона, Кәсіпбек Меруерт жеңіске жетті.

"Үздік әдістемелік өңдеу" номинациясында х. ғ. к., доцент Кабиева С. К. жетекшілігімен 4 курс студенттері Нышанбай Аружан және Байғазиев Назеркенің жұмысы үздік деп танылды.