САРАПТАМАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
14 сәуірде Мемлекеттік басқару Академиясының алаңында ISO 37001 стандарты бойынша Халықаралық сертификаттаудан өту, қалыптасқан практика және оны Қазақстан Республикасында құқықтық реттеу мәселелерін талқылау бойынша сараптамалық кездесу өтті. Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК өкілдері, квазимемлекеттік және бизнес секторының өкілдері, комплаенс-офицерлер, комплаенс және аудит саласындағы сарапшылар, Академия қызметкерлері мен білім алушылары қатысты. Қазақстан Республикасындағы менеджмент жүйелерін халықаралық сертификаттау саласындағы құқықтық реттеу мәселелері, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің ISO 37001 халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан өту тәжірибесі, ҚР СТ 3049 ұлттық стандарты және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту жүйесіндегі орны, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелерін сертификаттаудан өту бойынша ұсынымдар әзірлеу талқыланды.