Мемлекеттік қызмет және жастар

Мемлекеттік қызмет және жастар

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, жас мемлекеттік қызметшілер, 3 - 4 курс түлектері және жоғары оқу орындарының магистранттары арасында «Мемлекеттік қызмет және жастар» тақырыбында конференция өтті.

Осы іс-шара аясында жастар мен мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру, Қарағанды облысы жастарының ең дарынды өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және танымал ету мақсатында, «Мінсіз мемлекеттік қызметшінің заманауи портреті» немесе «Мемлекеттік қызмет - менің таңдауым» тақырыптарына шығармашылық байқау (эссе) өткізілді.

«Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1 курс магистранты Қазбеков Ануар «Мемлекеттік қызмет және жастар» тақырыбындағы эссе байқауына белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.