Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылауға арналған «Куратор сағаты» циклі басталды.
Қасым-Жомарт Токаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арналған Жолдауы «Әділ Қазақстанның экономикалық курсы».
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру және олармен белсенді талқылау.
Іс-шараның бұл түрі студенттердің ел Президентінің жолдауында айтылған барлық негізгі мәселелер туралы хабардар болуын арттыруға ықпал етеді.
Қазақстанның экономикалық дамуына басты назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру экономикалық қызметтің жаңа кезеңдері экономикалық белсенділіктің жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кураторлық сағат 2023 жылдың 28 қыркүйегінен бастап 6 қазанына дейін жалғасады.
Просмотров: 301